Энергетика министрлігі солтүстік және шығысты газдандырудың екі жолын қарастырып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинГазопровод, архивное фото
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2023
Жазылу
Бұл - "Сарыарқа" газ құбырының келесі кезеңдерін салу немесе оны ресейлік газ құбырымен түйістіру
ПЕТРОПАВЛ, 28 маусым - Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі елдің солтүстік және шығыс облыстарын газдандырудың екі нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ведомство басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Аймақ тұрғындарының алдында есеп берген ол үкіметтің басымдықтарының бірі елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру екенін айтты.
"Орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында 2019 жылы Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбырымен байланысқан "Сарыарқа" газ құбырының бірінші кезеңі іске асырылды. 2022 жылдың маусымда "ҚМГ АстанаГаз" АҚ құны 188,5 млрд теңге болатын техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі. Бұл техникалық негіздеме аясында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыратын "Сарыарқаның" екінші және үшінші кезеңдері салынады", - деп хабарлады Сәтқалиев.
Алайда өткен жылыту маусымында газды ішкі тұтынудың күрт өсуіне байланысты Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры 106%-ке, яғни жобалық мүмкіндіктен асыра жұмыс істеген.
Бүгін QazaqGaz газ құбырының екінші желісінің жобасы әзірленіп жатыр. Жобаны 2027 жылдың соңына дейін толық жүзеге асыру жоспарланған.

"Министрлік "Сарыарқа" магистралін Ресей Федерациясындағы газ құбырымен түйістіру нұсқасын зерттеп жатыр. Бүгінгі күні "Газпром" шілде айында аяқталатын жобаның алдын ала техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр. Газ құбырының бағыты мен газ бағасын анықтағаннан кейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың оңтайлы нұсқасы айқындалатын болады", - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Ол сондай-ақ сұйытылған мұнай газын сату мәселесіне тоқталды.
"Биыл қаңтар айында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекеттік реттеуді белгілеп, сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын бекітті. Осы бұйрыққа сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 75-80 теңгені құрайды", - деді министр.
Өңірде жеті газ желісі ұйымы және 112-ге жуық автомобильге газ құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі 2022 жылы 55 мың тонна болды. Биыл қаңтар-маусым айларында шамамен 33 мың тонна тұтынылды.
"Біз ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газ нарығын реформалау бойынша шаралар қабылдап жатқанымызды атап өткім келеді. Бұл шаралар сұйытылған мұнай газын сатудың шекті бөлшек бағасын белгілеу арқылы бөлшек сауда бағасының күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді", - деп сендірді министр.
Жаңалықтар
0