https://sputnik.kz/20230628/bugin---zhurnalisterdin-kasibi-merekesi-36377908.html
Бүгін - журналистердің кәсіби мерекесі
Бүгін - журналистердің кәсіби мерекесі
Sputnik Қазақстан
Үш жыл бұрын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді 28.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-28T08:43+0500
2023-06-28T08:43+0500
2023-06-28T08:43+0500
журналистика
мереке
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8a68275a1108ff3551c5fd46cf2680f1.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Бүгін жылдағы дәстүр бойынша журналистер төл мейрамын атап өтіп жатыр. Бұған дейін мерекенің атауы бірнеше рет өзгерген.Мерекенің атауы үш рет өзгердіӘуелі Қазақстанда Журналистика күні 10 мамырда аталып өткен. Себебі дәл осы күні қазақ тілді "Түркістан уәлаятының газеті" тұңғыш рет жарық көрді. Артынан мерекенің атауы "Баспа, радио және телевидение күні" болып өзгерді. Оны жыл сайын маусымның соңғы жексенбісінде атап өтті.2011 жылы журналистердің кәсіби мерекесін 28 маусымға бекітті. Бірақ байланыс саласындағы мамандармен біріктіріп жіберді. Осылайша, мерекенің атауы "Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні" болып бекітілді. Ал 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берді. Сөйтіп 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп жарияланды.Журналистер мейрамы қалай тойланадыБАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында түрлі байқау жарияланып, президенттің марапаттары табысталады. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын тапты.Биыл мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істейтін мамандарға тегін пәтерлер табысталды. Ондай шара көптен бері болмаған.Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер "Дара" президент бастамаларының қоры атынан табысталды. Барлығы 65 пәтердің кілті берілді.Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары да табысталды. БАҚ туралы жаңа заң қабылданадыБылтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарауды тапсырды. Оның айтуынша, елдегі демократиялық өзгерістер тәуелсіз әрі жауапты БАҚ-сыз мүмкін емес.Бүгінде "Массмедиа туралы" заң жобасы мәжілістің қарауына түсті. Оған сәйкес, журналистерге арнайы пресс-карта беру ұсынылып отыр. Оны кәсіби мамандар кіретін комиссия таратады. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде комисия құру құзіреті болады.Бұдан бөлек, заң жобасында ашық гранттық қаржыландыру шаралар қарастырылған. Журналистік сауалдарға жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылады.
https://sputnik.kz/20230501/astanada-ustalgan-zhurnalist-bosatyldy-34444701.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_783afdfc554bdb8e29425c60031d8922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналистика, мереке
Бүгін - журналистердің кәсіби мерекесі
Үш жыл бұрын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Бүгін жылдағы дәстүр бойынша журналистер төл мейрамын атап өтіп жатыр. Бұған дейін мерекенің атауы бірнеше рет өзгерген.
Мерекенің атауы үш рет өзгерді
Әуелі Қазақстанда Журналистика күні 10 мамырда аталып өткен. Себебі дәл осы күні қазақ тілді "Түркістан уәлаятының газеті" тұңғыш рет жарық көрді. Артынан мерекенің атауы "Баспа, радио және телевидение күні" болып өзгерді. Оны жыл сайын маусымның соңғы жексенбісінде атап өтті.
2011 жылы журналистердің кәсіби мерекесін 28 маусымға бекітті. Бірақ байланыс саласындағы мамандармен біріктіріп жіберді. Осылайша, мерекенің атауы "Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні" болып бекітілді. Ал 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берді. Сөйтіп 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп жарияланды.
Журналистер мейрамы қалай тойланады
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында түрлі байқау жарияланып, президенттің марапаттары табысталады. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын тапты.
Биыл мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істейтін мамандарға тегін пәтерлер табысталды. Ондай шара көптен бері болмаған.
Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер "Дара" президент бастамаларының қоры атынан табысталды. Барлығы 65 пәтердің кілті берілді.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары да
табысталды. БАҚ туралы жаңа заң қабылданады
Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарауды тапсырды. Оның айтуынша, елдегі демократиялық өзгерістер тәуелсіз әрі жауапты БАҚ-сыз мүмкін емес.
Бүгінде "Массмедиа туралы" заң жобасы мәжілістің қарауына түсті. Оған сәйкес, журналистерге арнайы пресс-карта беру ұсынылып отыр. Оны кәсіби мамандар кіретін комиссия таратады. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде комисия құру құзіреті болады.
Бұдан бөлек, заң жобасында ашық гранттық қаржыландыру шаралар қарастырылған. Журналистік сауалдарға жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылады.