https://sputnik.kz/20230628/aqtobede-zhasospirimdi-uryp-oltirgen-oqushy-segiz-zhylga-sottaldy-36397467.html
Ақтөбеде жасөспірімді ұрып өлтірген оқушы сегіз жылға сотталды
Ақтөбеде жасөспірімді ұрып өлтірген оқушы сегіз жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Мұндай үкім кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық мамандандырылған сотта шығарылды 28.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-28T15:33+0500
2023-06-28T15:33+0500
2023-06-28T15:33+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f18d086913aac51f7dd00b88d1344bcc.jpg
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 17 жастағы оқушы сотталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Сотталушы бірнеше оқушыны әдейі ұрған, салдарынан біреуі қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім 8 жыл бойы колонияда жазасын өтейді.Сонымен қатар сот қаза тапқан баланың ата-анасына 11 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге қаулы етті.Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда Шалқар ауданы Бегімбет ауылында болды.Жәбірленуші 14 жасар Рустем ауруханаға түскен, ол сол жерде қайтыс болды. Марқұмның ажалына күдікті ретінде бір мектепте оқитын жоғары сынып оқушысы қамауға алынды.Тергеу сол күні Достановтың ішімдік ішіп, өзінен кіші балаларға тиіскенін анықтады. Сотталушы орта мектеп оқушыларын қатарға тұрғызып, әрқайсысын кезекпен ұра бастаған. Соққы салдарынан Рустем ажал құшқан. Ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d701bf42dbd8591857eadf4bdf4525a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде жасөспірімді ұрып өлтірген оқушы сегіз жылға сотталды
Мұндай үкім кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық мамандандырылған сотта шығарылды
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 17 жастағы оқушы сотталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Сотталушы бірнеше оқушыны әдейі ұрған, салдарынан біреуі қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім 8 жыл бойы колонияда жазасын өтейді.
"Достанов ҚР ҚК 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Достанов кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтесін", - деп үкімді судья Мираш Жүгүнісова оқыды.
Сонымен қатар сот қаза тапқан баланың ата-анасына 11 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге қаулы етті.
Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда Шалқар ауданы Бегімбет ауылында болды.
Жәбірленуші 14 жасар Рустем ауруханаға түскен, ол сол жерде қайтыс болды. Марқұмның ажалына күдікті ретінде бір мектепте оқитын жоғары сынып оқушысы қамауға алынды.
Тергеу сол күні Достановтың ішімдік ішіп, өзінен кіші балаларға тиіскенін анықтады. Сотталушы орта мектеп оқушыларын қатарға тұрғызып, әрқайсысын кезекпен ұра бастаған. Соққы салдарынан Рустем ажал құшқан. Ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды.