https://sputnik.kz/20230627/suriluine-qarsymyz-almaty-oblysynda-137-uy-gaz-magistrali-otetin-aumaqqa-salynyp-ketken-36377312.html
"Сүрілуіне қарсымыз": Алматы облысында 137 үй газ магистралі өтетін аумаққа салынып кеткен
"Сүрілуіне қарсымыз": Алматы облысында 137 үй газ магистралі өтетін аумаққа салынып кеткен
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көкөзек және Көктоған ауылдарында 137 үй сүріледі. Өйткені үйлер газ магистралі өтетін... 27.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-27T15:20+0500
2023-06-27T15:20+0500
2023-06-27T15:40+0500
алматы облысы
газ құбыры
жер үй
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1b/36376355_0:122:1280:842_1920x0_80_0_0_0a118daa32817057a77b27ef8856bc4d.jpg
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көкөзек және Көктоған ауылдарында 137 үй сүріледі. Өйткені үйлер газ магистралі өтетін аумаққа салынып кеткен. Мұндай хабарды ауыл тұрғындары осыдан үш ай бұрын ғана естіген. Олардың біразы үйлерінің сұрілуне қарсы. Берілетін өтемақы мардымсыз деп отыр. Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің анық-қанығын біліп қайтты.Үйі сүрілетіндердің мемлекеттік актілері бар, бірақ техникалық құжаттары жоқ. Негізі бірнеше жүзедеген жер учаскесі мен 137 үй газ магистралі өтетін қызыл жолаққа өтіп кеткен."Мен өзім 2019 жылдан бері тұрып келемін. Жерді сатып алғанымда құжаттың бәрі дұрыс деген. Енді міне қоныстанып, жеке кәсібімізді ашып, түтініміз түзу ұшты ма дегенде мынандай хабар келді", - дейді Мұқтарбай Көксегенұлы.Үш ай болды әкімдік пен халық дүрдараз. Кейбір тұрғын үйінің құны үшін әкімдіктен берілетін ақшаны азсынып отыр."Менің үйіме беретін әкімдіктің ақшасы аз. Олар ұсынған ақшаға тіпті Шығыстағы Үржар ауданынан үй сатып ала алмаймын. Өзім сол жақтың тумасымын. Ол жақта үйдің құны 25 млн. Ал Алматыда үй неге арзан бағаланады. Мен өз үйімді 48 млн теңгеге бағалаймын. Алса әкімдік сол бағаға алсын, алмаса мен көшпеймін. Сотқа шағым түсіріп қойдым", - дейді атын жасырған Көкөзек ауылының тұрғыны.Ауыл тұрғындарының 90%-і төленетін ақшаға келісеміз деп қолын да қойып қойыпты. Өйткені соттасқаннан пайда жоқ, көнуге мәжбүрміз дейді.Мысалға мына бір үйге әкімдік 15 млн ұсыныпты. Бірақ үй иесі бұл ақша тек жер учаскесін сатып алуға ғана жетеді деп отыр.Қазір ауыл тұрғындарының пікірі екіге жарылған. Бірі – "жер мемлекеттікі, қайтарамыз, тек ренжітпей шығынымыздың ақшасын дұрыс есептеп берсе" десе, енді бірі – "үйімізді арзанға бағалап отыр, көшпейміз" дейді.Тұрғындардың қолдарында үйге қатысты буда-буда құжаты бар. Құжаттарда аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Джапаровтың қолы мен мөрі тұр. Сүрілетін баспаналардың бірі жаңа салынып жатса, енді бірі - зәулім сарай."Жердің техникалық құжаты, яғни жекеменшігім болмағандықтан мен сүріледі дегенге келістім, тек ақшасын дұрыстап төлесін. Жақында оқу жылы басталады. Екі айдың ішінде қай жерге барып үй салып үлгеремін. Әкімдік ақшасын әлі берген жоқ, берсе де қанша береді, ол ақшаға мен үй сатып немесе салып ала алам ба, ешнәрсе белгісіз", - дейді Көкөзек ауылының тұрғыны.Әкімдік айтқан қызыл жолаққа мектеп, мешіт, таяу маңда тұрған завод та кіріп кеткен. Бірақ мектеп пен завод сүрілмейді депті."Мектеп те, мешіт те, завод та сүрілмейді деді. Неге? Онда біздің де баспаналырымызды сүрмей-ақ қойсын. Егер алай-бұлай болып, ажалымыз осы газ құбырынан болып жатса, ешкімді кіналамаймыз. Тіпті, сөйтіп қолхат берейік", - дейді тұрғындар.Қазір көкөзектегі 1 соттық жердің құны 1 млн теңге. Ал іргетасы мен керегесі қаланып тұрған үйлердің құны 25-30 млн болып кеткен. Өйткені үйі сүрілетіндер босып, дайын үй іздей бастағанда үйлердің бағасы шарықтап кеткен.Ауыл тұрғындары тайлы-таяғы қалмай облыс әкіміне де барған."Қазіргі күні облыстық бюджеттен 61 үйдің ақшасын төлеуге ғана мүмкіндік бар. Қалғанын республикалық бюджеттен беріледі. Ол бір күндік шаруа емес. Қосымша мемлекетке өтетін жерлер де бар. Көкөзектен газ өткізу жобасы облыстікі емес, республикалық үлкен жоба. Сондықтан жерді, үйді мемлекетке алу үшін ақша өңірлік бюджеттен қарастырылмаған. Бағалау жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, республикалық бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Бағалау жұмысы 1 шілдеде өз мәресіне жетеді. Содан кейін республика резервінен қаражат сұрайтын боламыз", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Алайда, үйі сүрілетіндер облыс әкімінің бұл жауабына қанағаттанбады. Өйткені қыс түспей баспанамызды қамдауымыз керек дейді олар."Жоғарыда аталған нұсқамен келіспесеңіздер, үйдің орнына Қарасай ауданынан үй, жердің орнына жер қарастырып көрейік. Бұл жұмыспен облыс әкімдігінің мамандары айналысатын болады. Ауылға 2 шілде өзім барып қайтамын. Сол кезде осы мәселе тағы қаралады. Оған дейін бірқатар түйіткілдің түйіні де тарқатылып қалуы мүмкін. Өздеріңізбен тілдесіп, ортақ шешімге келеміз", - деді өңір басшысы.Бұған дейін төрт рет жиналып, облыс әкіміне кіре алмаған тұрғындар соңғы кездесуден үміттеніп қайтқан. Енді 2 шілдеде болатын кездесу проблемаға нүкте қояды деп сеніп отыр.Жалпы алматы облысында 4 бірдей ірі жоба жүзеге асады. Бұл жобалар үшін жер телімдері керек. Сәйкесінше, талай жекеменшік баспана әлі де сүріледі деген сөз.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1b/36376355_0:2:1280:962_1920x0_80_0_0_08f713c0ba334a9c43ecf03a7147bb40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, газ құбыры, жер үй
алматы облысы, газ құбыры, жер үй
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көкөзек және Көктоған ауылдарында 137 үй сүріледі. Өйткені үйлер газ магистралі өтетін аумаққа салынып кеткен.
Мұндай хабарды ауыл тұрғындары осыдан үш ай бұрын ғана естіген. Олардың біразы үйлерінің сұрілуне қарсы. Берілетін өтемақы мардымсыз деп отыр.
Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің анық-қанығын біліп қайтты.
Үйі сүрілетіндердің мемлекеттік актілері бар, бірақ техникалық құжаттары жоқ. Негізі бірнеше жүзедеген жер учаскесі мен 137 үй газ магистралі өтетін қызыл жолаққа өтіп кеткен.
"Мен өзім 2019 жылдан бері тұрып келемін. Жерді сатып алғанымда құжаттың бәрі дұрыс деген. Енді міне қоныстанып, жеке кәсібімізді ашып, түтініміз түзу ұшты ма дегенде мынандай хабар келді", - дейді Мұқтарбай Көксегенұлы.
Үш ай болды әкімдік пен халық дүрдараз. Кейбір тұрғын үйінің құны үшін әкімдіктен берілетін ақшаны азсынып отыр.
"Менің үйіме беретін әкімдіктің ақшасы аз. Олар ұсынған ақшаға тіпті Шығыстағы Үржар ауданынан үй сатып ала алмаймын. Өзім сол жақтың тумасымын. Ол жақта үйдің құны 25 млн. Ал Алматыда үй неге арзан бағаланады. Мен өз үйімді 48 млн теңгеге бағалаймын. Алса әкімдік сол бағаға алсын, алмаса мен көшпеймін. Сотқа шағым түсіріп қойдым", - дейді атын жасырған Көкөзек ауылының тұрғыны.
Ауыл тұрғындарының 90%-і төленетін ақшаға келісеміз деп қолын да қойып қойыпты. Өйткені соттасқаннан пайда жоқ, көнуге мәжбүрміз дейді.
Мысалға мына бір үйге әкімдік 15 млн ұсыныпты. Бірақ үй иесі бұл ақша тек жер учаскесін сатып алуға ғана жетеді деп отыр.
Қазір ауыл тұрғындарының пікірі екіге жарылған. Бірі – "жер мемлекеттікі, қайтарамыз, тек ренжітпей шығынымыздың ақшасын дұрыс есептеп берсе" десе, енді бірі – "үйімізді арзанға бағалап отыр, көшпейміз" дейді.
Тұрғындардың қолдарында үйге қатысты буда-буда құжаты бар. Құжаттарда аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Джапаровтың қолы мен мөрі тұр. Сүрілетін баспаналардың бірі жаңа салынып жатса, енді бірі - зәулім сарай.
"Жердің техникалық құжаты, яғни жекеменшігім болмағандықтан мен сүріледі дегенге келістім, тек ақшасын дұрыстап төлесін. Жақында оқу жылы басталады. Екі айдың ішінде қай жерге барып үй салып үлгеремін. Әкімдік ақшасын әлі берген жоқ, берсе де қанша береді, ол ақшаға мен үй сатып немесе салып ала алам ба, ешнәрсе белгісіз", - дейді Көкөзек ауылының тұрғыны.
Әкімдік айтқан қызыл жолаққа мектеп, мешіт, таяу маңда тұрған завод та кіріп кеткен. Бірақ мектеп пен завод сүрілмейді депті.
"Мектеп те, мешіт те, завод та сүрілмейді деді. Неге? Онда біздің де баспаналырымызды сүрмей-ақ қойсын. Егер алай-бұлай болып, ажалымыз осы газ құбырынан болып жатса, ешкімді кіналамаймыз. Тіпті, сөйтіп қолхат берейік", - дейді тұрғындар.
Қазір көкөзектегі 1 соттық жердің құны 1 млн теңге. Ал іргетасы мен керегесі қаланып тұрған үйлердің құны 25-30 млн болып кеткен. Өйткені үйі сүрілетіндер босып, дайын үй іздей бастағанда үйлердің бағасы шарықтап кеткен.
Ауыл тұрғындары тайлы-таяғы қалмай облыс әкіміне де барған.
"Қазіргі күні облыстық бюджеттен 61 үйдің ақшасын төлеуге ғана мүмкіндік бар. Қалғанын республикалық бюджеттен беріледі. Ол бір күндік шаруа емес. Қосымша мемлекетке өтетін жерлер де бар. Көкөзектен газ өткізу жобасы облыстікі емес, республикалық үлкен жоба. Сондықтан жерді, үйді мемлекетке алу үшін ақша өңірлік бюджеттен қарастырылмаған. Бағалау жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, республикалық бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Бағалау жұмысы 1 шілдеде өз мәресіне жетеді. Содан кейін республика резервінен қаражат сұрайтын боламыз", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Алайда, үйі сүрілетіндер облыс әкімінің бұл жауабына қанағаттанбады. Өйткені қыс түспей баспанамызды қамдауымыз керек дейді олар.
"Жоғарыда аталған нұсқамен келіспесеңіздер, үйдің орнына Қарасай ауданынан үй, жердің орнына жер қарастырып көрейік. Бұл жұмыспен облыс әкімдігінің мамандары айналысатын болады. Ауылға 2 шілде өзім барып қайтамын. Сол кезде осы мәселе тағы қаралады. Оған дейін бірқатар түйіткілдің түйіні де тарқатылып қалуы мүмкін. Өздеріңізбен тілдесіп, ортақ шешімге келеміз", - деді өңір басшысы.
Бұған дейін төрт рет жиналып, облыс әкіміне кіре алмаған тұрғындар соңғы кездесуден үміттеніп қайтқан. Енді 2 шілдеде болатын кездесу проблемаға нүкте қояды деп сеніп отыр.
Жалпы алматы облысында 4 бірдей ірі жоба жүзеге асады. Бұл жобалар үшін жер телімдері керек. Сәйкесінше, талай жекеменшік баспана әлі де сүріледі деген сөз.