"ҚазТрансГаз Аймаққа" жарты миллиард теңге айыппұл салынды

© Photo : пресс-служба АО "КазТрансГаз"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Алматы прокурорлары "ҚазТрансГаз Аймақ" жарты миллиард теңге айыппұл салып, тарифті төмендетті, деп хабарлады қала прокуратурасы.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген тексеру барысында үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.
"Мысалы, монополисттердің шарты бойынша кәсіпкерлер газдың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10 пайызын заңсыз төлеп келген", - деп жазылған хабарламада.
Үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып 497,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар табиғи монополия субъектісі 2022 жылы көрсететін қызметтер көлемінің өскеніне қарамастан компания 2023 жылға арналған тарифті төмендетпеген (көрсетілген қызметтердің көлемінің ұлғаюына байланысты тариф қайта қаралуға тиіс).
Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен, осы жылдың 1 сәуірінен бастап тауар газын тасымалдау тарифін 6 пайызға, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарылды.
Қабылданған шаралар Алматы қаласында 450 000 тұтынушының, оның ішінде 8 800 кәсіпкердің құқығын қорғады.
Газопровод  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
"ҚазТрансГаз Аймақ" компанияcының газ құбырларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0