Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтарда бір отбасыны атып өлтірген: Талдықорғанда әскери қызметкер сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 26 маусым – Sputnik. Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылдың қаңтарында талдықорғандық Сейітқұловтар отбасын өлтірді деп айыпталған сарбазды жеті жылға соттады, деп хабарлады әскери гарнизон сотының баспасөз қызметі.
Тергеу материалына сәйкес, 2022 жылдың 8 қаңтарында сотталушы Талдықорғанда ерлі-зайыпты мен олардың 15 жастағы қызы болған көлікке "АКС-74" автоматынан бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан үшеуі де алған жарақатынан көз жұмды.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, бірқатар сараптаманың қорытындысымен (сот-баллистикалық, сот-медициналық) және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Алайда сот барысында әскери қызметкерөз кінәсін мойындамады.
Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ, төтенше жағдайкезінде қылмыс жасауы және қабылдаған әскери антын бұзуы ауырлататын мән-жай деп танылды.
"Әскери соттың үкімімен әскери қызметші Қылмыстық кодекстің 451-бабының 2-бөлігі бойынша билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот жәбірленуші тараптың пайдасына 7 миллион теңге моральдық шығын өндірілгенін атап өтті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, трагедия Талдықорғанда коменданттық сағат кезінде болған еді. Отбасы танысының үйіне қонаққа барып, үйіне көлікпен қайтып келе жатқан. Үйге жақындап қалғанда бір топ әскери қызметші көлікке оқ жаудырды. Салдарынан Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың кәмелетке толмаған қызы Нұрай оқиға орнында көз жұмды.
Жаңалықтар
0