Павлодар облысындағы Богатырь-Көмір кәсіпорнында қаражат жымқыру фактісі анықталды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым - Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Богатырь-Көмір" ЖШС-мен бірлесіп осы аталған кәсіпорында қаражат жымқыру қылмысын анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Анықталғандай, Екібастұз қаласындағы "Богатырь-Көмір" ЖШС-нің қабылдау комиссиясымен жүйелі түрде алдын ала сөз байласуы бойынша күдікті тұлға 2020-2022 жылдар аралығында кәсіпорынның қаражатын жымқырып келген. Айта кету керек, бұл кәсіпорын капиталының 50%-і "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі.
"Келісілген әрекет бойынша жалпы сомасы 830 миллион теңгеге жаңа қосалқы бөлшектерді орнына айтарлықтай тозған және пайдаланылған жабдықтарды жеткізілген", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген. Күдіктіге қатысты сот "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.
"Сотқа дейінгі тергеп жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша департаменттегілер.
Жаңалықтар
0