https://sputnik.kz/20230627/eski-qazaqstannyn-zhebirleri-khalyqty-qanaudy-zhalgastyryp-zhatyr--bapi-36366669.html
"Ескі" Қазақстанның жебірлері халықты қанауды жалғастырып жатыр – Бәпи
"Ескі" Қазақстанның жебірлері халықты қанауды жалғастырып жатыр – Бәпи
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға... 27.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-27T12:25+0500
2023-06-27T12:25+0500
2023-06-27T12:25+0500
назарбаев
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_10c811cb4d475c08f135fdf3744842bb.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біз – депутаттар мына жақта ақтер-көктер болып, Қазақстан халқынан ұрланған, талан-таражға түскен активтерді елге қайтаруға қатысты заңды қабылдап жүргенде, Алматы жақта "ескі" Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр. Нақтылап айтқанда, Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және "қаңтар генералы" Серік Күдебаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты бұрынғы "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған", - деді Бәпи бүгінгі мәжіліс отырысында.Оның айтуынша, пайшылардың 274 гектар жері заңсыз жуапкершілігі шектеулі серіктестіктерге рәсімделген. Одан кейін екі мыңнан астам адамның үлесін "ИЖС"-ке айналдырып, оның едәуір бөлігін сатып жіберген. Оларға Алматы облысы мен Қарасай ауданының прокуратурасы да көмектесе алмапты.Бәпидің сөзіне қарағанда, пайшыларға араша түскен адвокат Ләззат Жапашеваны және бұрынғы "Каменка" асыл тұқымды мал зауыты қызметшілері кооперативінің төрайымы Әмина Жеңісбекованы "алаяқтық жасады" деген жалған айыппен екі айға қаматып тастаған. Ал пайшылардың наразылық шағымын жоғарғы органдарға ұжым атынан арызданып жүрген Абылай Қожа деген жігітті үйінен ұстап әкетіп, абақтыға тыққан.Қазіргі кезде пайшылар 274 гектардың жартысын мемлекетке қайтаруға келіскен. Өздеріне жартысын ғана қалдыруды сұрапты. Олар ереуілге шығуға дайын отыр."Бұл мәселе әділетті түрде шешілуі үшін жер дауын аяқсыз қалдырмаймын! Егер іс тағы да назарбаевшыл адамдардың мүддесіне шешіліп, жер иелері зарлап қалатын болса, ел президентіне дейін барамын!", - деді Бәпи.Депутат барлық құжаттың көшірмесін бас прокурорға жолдамақшы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_fd938ea0be45926c7c5fbcaee3d5d2d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді қайтаруды талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз – депутаттар мына жақта ақтер-көктер болып, Қазақстан халқынан ұрланған, талан-таражға түскен активтерді елге қайтаруға қатысты заңды қабылдап жүргенде, Алматы жақта "ескі" Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр. Нақтылап айтқанда, Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және "қаңтар генералы" Серік Күдебаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты бұрынғы "Каменка" асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған", - деді Бәпи бүгінгі мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, пайшылардың 274 гектар жері заңсыз жуапкершілігі шектеулі серіктестіктерге рәсімделген. Одан кейін екі мыңнан астам адамның үлесін "ИЖС"-ке айналдырып, оның едәуір бөлігін сатып жіберген. Оларға Алматы облысы мен Қарасай ауданының прокуратурасы да көмектесе алмапты.
"Тартып алынған жердің біраз бөлігін генерал Күдебаевтың адамдары, Ахметжан Есімовтың адамдары, содан кейін "Элит строй" – Әлия Назарбаева, "Қазақ строй" – Сергей Муляр, Дмитрий Ли деген адамдарға, солардың кәсіпорындарына таратып берген, әлде сатқан. Жергілікті прокуратура мен полиция зарлаған халықтың емес, тойымсыз, тажал кланның мүддесін қорғауда", - деп атап өтті депутат.
Бәпидің сөзіне қарағанда, пайшыларға араша түскен адвокат Ләззат Жапашеваны және бұрынғы "Каменка" асыл тұқымды мал зауыты қызметшілері кооперативінің төрайымы Әмина Жеңісбекованы "алаяқтық жасады" деген жалған айыппен екі айға қаматып тастаған. Ал пайшылардың наразылық шағымын жоғарғы органдарға ұжым атынан арызданып жүрген Абылай Қожа деген жігітті үйінен ұстап әкетіп, абақтыға тыққан.
Қазіргі кезде пайшылар 274 гектардың жартысын мемлекетке қайтаруға келіскен. Өздеріне жартысын ғана қалдыруды сұрапты. Олар ереуілге шығуға дайын отыр.
"Бұл мәселе әділетті түрде шешілуі үшін жер дауын аяқсыз қалдырмаймын! Егер іс тағы да назарбаевшыл адамдардың мүддесіне шешіліп, жер иелері зарлап қалатын болса, ел президентіне дейін барамын!", - деді Бәпи.
Депутат барлық құжаттың көшірмесін бас прокурорға жолдамақшы.