https://sputnik.kz/20230627/energetika-ministri-zheo-lardy-tekserudi-soltustik-qazaqstannan-bastaydy-36360294.html
Энергетика министрі ЖЭО-ларды тексеруді Солтүстік Қазақстаннан бастайды
Энергетика министрі ЖЭО-ларды тексеруді Солтүстік Қазақстаннан бастайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу электр орталықтарын тексеру үшін өңірлерге аттанады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 27.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-27T09:27+0500
2023-06-27T09:27+0500
2023-06-27T09:27+0500
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/19/34284987_0:146:3121:1902_1920x0_80_0_0_2d5cb1233af9fa1953d5b7f5a4b17d77.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу электр орталықтарын тексеру үшін өңірлерге аттанады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, энергетика министрлігі жанынан қысқа дайындық бойынша жедел штаб құрылды. Оны Сәтқалиевтің өзі басқарады."Сондай-ақ мәжілістің пленарлы отырысында тиісті энергетикалық нысандарды тексеру үшін өңірлерге бару қажеттілігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты өңірлерге бару кестесіне түзету енгізілді. Ертең біз Солтүстік Қазақстан облысына баруды жоспарлап отырмыз. Бір аптадан кейін Риддер ЖЭО-ға, содан кейін араға бір-екі апта салып барлық энергетикалық нысанды, әсіресе үкімет деңгейінде шешім қабылдауды қажет ететін, әбден тозған жылу электр орталықтарына барамыз", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қыс бойы апаттан көз ашпаған жылу электр орталықтарына бармағаны үшін мәжіліс депутаттарынан сөз естіген еді.Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Сәтқалиевтің энергетика министрі болғанына үш ай өтсе де, шенеунік әлі күнге дейін мәселесі қордаланған қалаларға бармаған. Ал мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов министрге "сіздер барам дегенше, қыс түседі" деп шүйлікті.
https://sputnik.kz/20230621/sizder-baram-degenshe-qys-tusedi-deputattar-energetika-ministrine-shuylikti-36218044.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/19/34284987_195:0:2926:2048_1920x0_80_0_0_30ddc06d5bcbb76af094cc6e3e9390cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу беру маусымы
Энергетика министрі ЖЭО-ларды тексеруді Солтүстік Қазақстаннан бастайды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу электр орталықтарын тексеру үшін өңірлерге аттанады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, энергетика министрлігі жанынан қысқа дайындық бойынша жедел штаб құрылды. Оны Сәтқалиевтің өзі басқарады.
"Сондай-ақ мәжілістің пленарлы отырысында тиісті энергетикалық нысандарды тексеру үшін өңірлерге бару қажеттілігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты өңірлерге бару кестесіне түзету енгізілді. Ертең біз Солтүстік Қазақстан облысына баруды жоспарлап отырмыз. Бір аптадан кейін Риддер ЖЭО-ға, содан кейін араға бір-екі апта салып барлық энергетикалық нысанды, әсіресе үкімет деңгейінде шешім қабылдауды қажет ететін, әбден тозған жылу электр орталықтарына барамыз", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.
Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қыс бойы апаттан көз ашпаған жылу электр орталықтарына бармағаны үшін мәжіліс депутаттарынан сөз естіген еді.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Сәтқалиевтің энергетика министрі болғанына үш ай өтсе де, шенеунік әлі күнге дейін мәселесі қордаланған қалаларға бармаған. Ал мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов министрге "
сіздер барам дегенше, қыс түседі" деп шүйлікті.