Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүрілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВ Алматы полным ходом идет реконструкция центра города
В Алматы полным ходом идет реконструкция центра города - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүрілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тиісті талапты сақтамаған 17 сауда нүктесі бұзылды. Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 6 дүңгіршек, Абай даңғылында 8 нысан және Орбита-4 шағын ауданында 3 нысан сүрілді.

Өз бетінше орнатылған дүңгіршектер тротуарға, жол жиегіне шығып кетіп, қаланың сыйқын кетіріп тұр еді. Әдетте, мұндай нүктелер қоқыс жиналатын орынға айналып, өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді.

Қала әкімінің бастамасымен биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда нысандарын орнату қағидасы" қабылданды. Егер ережені елемесе, сауда нүктелері бұзылады.

Былтыр Алматыда 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны анықталды. Бүгінде оның 120-сы сүрілген.
Жаңалықтар
0