Мәдениет

Қазақстанда жаңа орден пайда болады

© Photo : Public DomainАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанда жаңа "Ел бірлігі" ордені бекітіледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі президент өкімінің жобасын әзірледі.
"Ел бірлігі" ордені диаметрі 50 мм болатын екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде жасалған.
Орденнің беткі жағының ортасында "шаңырақ" орналасқан көгілдір түсті эмальмен толтырылған. "Шаңырақтан" шеңбер бойымен "уық" түріндегі күн сәулелері таралған. "Шаңырақтың" айналасында көгілдір түстің аясында "қошқар мүйіз" оюы орналасқан. "Шаңырақтың" астындағы лентада жартылай шеңберде "Ел бірлігі" деген жазу орналасқан.
Орден ақ түсті металдан – алтын жалатылған күміс қорытпасынан жасалады.
"Өкім жобасы азаматтардың ұлт бірлігін нығайтуға сіңірген еңбегін тануға бағытталған және тиісті мемлекеттік награданы құру жөнінде шаралар қабылдауды, осы мемлекеттік награданың сипаттамасын көздейді", - делінген түсіндірме жазбада.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжат 12 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Еске салсақ, сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның "Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін" орденін бекітуді ұсынған болатын.
Ол алғашқы лауреаттарға бұл марапатты биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болатынын атап өтті.
ҚХА сессиясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Қоғам
Қазақстан халқы Ассамблеясының сыйлығы мен ордені пайда болады
Жаңалықтар
0