https://sputnik.kz/20230626/qaragandyda-zhalgan-shot-fakturalardy-zhazyp-bergen-kasipker-ayel-sottaldy-36341323.html
Қарағандыда жалған шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел сотталды
Қарағандыда жалған шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қарағандыда қызмет көрсетпей және тауарды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел 3,5 жылға бас бостандығынан... 26.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-26T13:00+0500
2023-06-26T13:00+0500
2023-06-26T13:00+0500
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қарағандыда қызмет көрсетпей және тауарды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.Сотқа дейінгі тергеуді агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын кәсіп иесі жеке кәсіпкерлік атынан атынан "ТехнологияГорМаш" және "ТД СнабСервис" ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған."Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді", - делінген хабарламада.Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер
Қарағандыда жалған шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел сотталды
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қарағандыда қызмет көрсетпей және тауарды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйел 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеуді агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.
Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын кәсіп иесі жеке кәсіпкерлік атынан атынан "ТехнологияГорМаш" және "ТД СнабСервис" ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған.
"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.