https://sputnik.kz/20230626/petropavlda-70-zhastagy-zeynetker-aulasyn-kone-europaga-aynaldyrdy-36332407.html
Петропавлда 70 жастағы зейнеткер ауласын көне еуропаға айналдырды
Петропавлда 70 жастағы зейнеткер ауласын көне еуропаға айналдырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны тастан ғажайып сарай салады. Анвар Файзулин өзі тұратын жардың жиегіне биік қамал тұрғызып, ауласын... 26.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-26T07:31+0500
2023-06-26T07:31+0500
2023-08-10T12:18+0500
петропавл
зейнеткер
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e7/06/19/36320958_0:52:3497:2019_1920x0_80_0_0_345a41ef7133462791a83d258d5d2b84.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны тастан ғажайып сарай салады. Анвар Файзулин өзі тұратын жардың жиегіне биік қамал тұрғызып, ауласын көне Еуропаға айналдырды.Анвар Файзуллин тура жардың жиегінде тұрады. Тік еңістен жыл сайын топырақ құлап, үйдің алды күл – қоқысқа толатын. Сондықтан зейнеткер баурайына тастан сарай салып, берік бекініс жасады. Енді бұл жер көне Еуропаға ұқсайды, деп хабарлады Хабар 24.Шағын сарайлар қазір биік қорған болды. Шебер оларды барынша шынайы етіп салуға тырысқан. Тіпті мұнара, көпір, қақпаларына дейін айнымайды. Жардың жиегін мыңдаған таспен бекітті.Анвар Файзулин жардың жиегін жасыл желекпен де көмкерген. Қазір бұл жерде шырша, қарағай, арша секілді қылқан жапырақты ағаштар өседі.Он саусағынан өнер тамған шебер кезекті туындысын жасауға кірісіп жатыр."Бұл менің сүйікті ісім. Сондықтан уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қаламын. Бір бос орын бар. Сол жерге тағы бір мешіт салсам ба деймін. Мұнарасын тауып қойдым. Енді қасбетін сызып жасау керек", - дейді зейнеткер.Анвар Фазулин биыл 70-ке толады. Ол өмірінде өзіне зәулім сарай салмаса да қайталанбас қамал тұрғызды.
петропавл
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/19/36320958_428:0:3159:2048_1920x0_80_0_0_8a278e928b2101a64aca4807924d8c15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, зейнеткер, еуропа
петропавл, зейнеткер, еуропа
Петропавлда 70 жастағы зейнеткер ауласын көне еуропаға айналдырды
07:31 26.06.2023 (жаңартылды: 12:18 10.08.2023) АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны тастан ғажайып сарай салады. Анвар Файзулин өзі тұратын жардың жиегіне биік қамал тұрғызып, ауласын көне Еуропаға айналдырды.
Анвар Файзуллин тура жардың жиегінде тұрады. Тік еңістен жыл сайын топырақ құлап, үйдің алды күл – қоқысқа толатын. Сондықтан зейнеткер баурайына тастан сарай салып, берік бекініс жасады. Енді бұл жер көне Еуропаға ұқсайды, деп хабарлады
Хабар 24."Өзіме да, адамдарға да ұнайды. Жардың жиегінде отырып күннің шыққаны мен батқанын көру тіпті ғажап. Бұған көп ақша да кетпейді. Ынта болса болды. Бәрі қолдың ісі", - дейді қала тұрғыны Анвар Файзулин.
Шағын сарайлар қазір биік қорған болды. Шебер оларды барынша шынайы етіп салуға тырысқан. Тіпті мұнара, көпір, қақпаларына дейін айнымайды. Жардың жиегін мыңдаған таспен бекітті.
Анвар Файзулин жардың жиегін жасыл желекпен де көмкерген. Қазір бұл жерде шырша, қарағай, арша секілді қылқан жапырақты ағаштар өседі.
Он саусағынан өнер тамған шебер кезекті туындысын жасауға кірісіп жатыр.
"Бұл менің сүйікті ісім. Сондықтан уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қаламын. Бір бос орын бар. Сол жерге тағы бір мешіт салсам ба деймін. Мұнарасын тауып қойдым. Енді қасбетін сызып жасау керек", - дейді зейнеткер.
Анвар Фазулин биыл 70-ке толады. Ол өмірінде өзіне зәулім сарай салмаса да қайталанбас қамал тұрғызды.