https://sputnik.kz/20230626/pavlodar-munay-khimiyasy-zauytynda-160-myn-tonnaga-deyin-qysqy-dizel-otyny-ondirilui-mumkin-36355652.html
Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отыны өндірілуі мүмкін
Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отыны өндірілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 26.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-26T21:47+0500
2023-06-26T21:47+0500
2023-06-26T21:47+0500
павлодар
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1d/18255404_0:67:1300:798_1920x0_80_0_0_ad5cbe40c83d76eb1b105e4d875afbe8.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілді. Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені баяндалды.Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты.Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, жанар-жағармай материалдары өндірісінің қарқыны және олардың қорын қалыптастыру туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" Францияның Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асыруға ниетті.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1d/18255404_74:0:1227:865_1920x0_80_0_0_02a1fa2d38e9cf604925afb0fac2dfec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, мұнай өңдеу зауыты
павлодар, мұнай өңдеу зауыты
Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отыны өндірілуі мүмкін
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда.
Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілді. Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені баяндалды.
Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты.
Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, жанар-жағармай материалдары өндірісінің қарқыны және олардың қорын қалыптастыру туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" Францияның Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асыруға ниетті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.