https://sputnik.kz/20230626/blogerler-aqsha-khidzhab-kie-bastagany-ras-pa-qmdb-zhauaby-36348333.html
Блогерлер ақша үшін хиджаб кие бастағаны рас па – ҚМДБ жауабы
Блогерлер ақша үшін хиджаб кие бастағаны рас па – ҚМДБ жауабы
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "блогер қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады" деген қауесетке қатысты түсініктеме берді
2023-06-26T17:45+0500
2023-06-26T17:45+0500
2023-06-26T17:45+0500
қоғам
хиджаб
блогер
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_13fa652e8a2409087b6c29c2d405874d.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "блогер қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады" деген қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер "блогерлер хиджаб кигені үшін ақы алады екен" деген әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.Мүфтият өкілі бұдан бейхабар екенін айтты.Осы орайда ол дәлелі жоқ ақпаратты таратпауға кеңес берді."Өзіңіз рас-өтірігін білмеймін деп қалдыңыз. Сондықтан бұл жаңсақ пікірлерді шама келсе, мұндай мәселелерге кірмеген дұрыс. Өйткені бұл дәлелденбеген нәрсе болғандықтан, шариғатымызда да, қазақтың әдет-ғұрпында да естіген әңгімені айтуға және таратуға болмайды", - деді Кенжетай Дүйсенбай.Бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естігенін жазды. "Мені осы нәрсе шошытады" дейді журналист.
https://sputnik.kz/20210924/ayel-dariger-video-18221289.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_5a1b5c81a1aa72c669441bdfeefa0b7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер хиджаб орамал мүфтият ақша
блогер хиджаб орамал мүфтият ақша
Блогерлер ақша үшін хиджаб кие бастағаны рас па – ҚМДБ жауабы
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "блогер қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады" деген қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер "блогерлер хиджаб кигені үшін ақы алады екен" деген әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.
Мүфтият өкілі бұдан бейхабар екенін айтты.
"Орамал тарту балиғатқа жеткен әйел баласына парыз болғандықтан, бір нәрсені жарнамалау немесе басқа ретінде ақша төлеп, орамал тартқызды деген әңгімені біз естіген жоқпыз. Әр мұсылманның, яғни әйел баласының орамал тартуы өзінің шын ықылас-ниетімен болатын нәрсе. Өйткені ол парыз деп айтылған", - деп жауап берді ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай.
Осы орайда ол дәлелі жоқ ақпаратты таратпауға кеңес берді.
"Өзіңіз рас-өтірігін білмеймін деп қалдыңыз. Сондықтан бұл жаңсақ пікірлерді шама келсе, мұндай мәселелерге кірмеген дұрыс. Өйткені бұл дәлелденбеген нәрсе болғандықтан, шариғатымызда да, қазақтың әдет-ғұрпында да естіген әңгімені айтуға және таратуға болмайды", - деді Кенжетай Дүйсенбай.
Бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естігенін жазды. "Мені осы нәрсе шошытады" дейді журналист.