Жүздеген адам зардап шекті: Чилиде төтенше жағдай жарияланды

© AP Photo / Gerald HerbertЗатопленная улица во время урагана "Салли" в США
Затопленная улица во время урагана Салли в США  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Чилидің ішкі істер министрі Каролина Тоа су тасқынына байланысты елдің бірнеше аймағында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады La Tribuna порталы.
"Қолда бар ақпарат пен биліктің алаңдаушылығын ескере отырып, Вальпараисодан Био-Биоға дейінгі барлық зардап шеккен өңірде апат аймағы туралы қаулы шығару жөнінде шешім қабылданды", - деді Тоа нөсер жаңбырдан туындаған төтенше жағдайды талдау туралы баяндамасында.
Оның айтуынша, төтенше жағдай режимінің енгізілуі су тасқынының салдарын жою үшін қосымша ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
"Бұл барлық субъектілерге өз ресурстарын жұмылдыра алатындарына күмәнданбауға көмектеседі", - деді министр.
Соңғы мәлімет бойынша Чилидегі су тасқыны салдарынан 419 адам зардап шекті. 139 үйге жеңіл, 99-ы үлкен залал келтірілді және 15 үй толығымен қираған. Ішкі істер министрі қауіпсіз аймақтардағы үйлерді қалпына келтіруді тапсырды.
Үш адам із-түссіз жоғалса, оның екеуі іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде жоғалып кеткен. Ерікті өрт сөндіруші ағыс алып кетуі мүмкін адамды құтқару үшін Линарестегі Анкоа су қоймасына сүңгіп кеткен соң қайта шықпаған. Тағы бір жұмысшы "тоғанды ​​тексеруге кетіп, қайтып оралмаған".
Жаңалықтар
0