Ақмола облысында жоғалып кеткен полицейдің мәйіті өзеннен табылды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуРека Катунь
Река Катунь - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 25 маусым – Sputnik. Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған полицейдің мәйіті табылды. Бір тәуліктен астам іздеген аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары өзенге батып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зеренді ауданы полициясы басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің жоғалып кеткені туралы арыз 23 маусым күні түскен. Оның әріптестері мен волонтерлер жүргізген іздеу жұмыстары бір күннен астам жалғасты.
Полицей Ақмола облысындағы Қылшықты өзенінен табылған. 25 маусым сағат 09.15-те іздестіру шаралары барысында мәйіт шамамен тереңдігі екі метр котлованнан табылды.
"Алғашқы тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмады", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптама жасалады, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
"Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтады", - деп хабарламады ведомстводағылар.
Виды города Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Ақмола облысында демалыста жүрген полиция бөлімі бастығының орынбасары жоғалып кетті
Жаңалықтар
0