https://sputnik.kz/20230624/ulttyq-bank-alayaqtardyn-kobeygenin-eskertti-36314450.html
Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертті
Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті. 24.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-24T18:03+0500
2023-06-24T18:03+0500
2023-08-10T17:09+0500
ұлттық банк
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті.Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтар kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынып жатыр.Сонымен қатар коллекциялық монеталарды себетке салудағы "сәтті" операциялары бар суреттер көрсетіледі және "көмекші бағдарлама" толығымен қауіпсіз екені туралы жалған ақпарат беріледі."Алайда қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Олардың орындалуы пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп толықтырды банк.Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ұлттық банк сақ болуды, ҚҰБ интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.
https://sputnik.kz/20230623/qaragandylyq-politseyler-alayaqtyq-arekettin-aldyn-aludyn-erekshe-tasilin-oylap-tapty-36296544.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, алаяқтық
Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертті
18:03 24.06.2023 (жаңартылды: 17:09 10.08.2023) АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті.
Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтар
kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынып жатыр.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар "көмекші бағдарламаға" бір реттік жол ашып береміз деп, арнайы төлем жасауды ұсынады. Сөйтіп, ол бағдарлама ҚҰБ интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты түрде қосады деп сендіреді", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар коллекциялық монеталарды себетке салудағы "сәтті" операциялары бар суреттер көрсетіледі және "көмекші бағдарлама" толығымен қауіпсіз екені туралы жалған ақпарат беріледі.
"Алайда қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Олардың орындалуы пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп толықтырды банк.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ұлттық банк сақ болуды, ҚҰБ интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.