https://sputnik.kz/20230624/ozbekstanmen-birlesip-film-tusiremiz--madeniet-ministri-36314153.html
Өзбекстанмен бірлесіп фильм түсіреміз – мәдениет министрі
Өзбекстанмен бірлесіп фильм түсіреміз – мәдениет министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Өзбекстанмен туристердің шекарадан өтуін жеңілдету және бірлескен фильмдер түсіру туралы келісті, деп хабарлады мәдениет... 24.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-24T17:29+0500
2023-06-24T17:29+0500
2023-06-24T17:29+0500
фильм
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/191/69/1916962_0:170:2747:1715_1920x0_80_0_0_c834a9721469fd44c2367e632157970f.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Өзбекстанмен туристердің шекарадан өтуін жеңілдету және бірлескен фильмдер түсіру туралы келісті, деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.Өзбекстан мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбековпен кездесуде тараптар кино саласында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.АлНазарбеков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағын туралы өзара деректер алмасуды ұйымдастыруды ұсынды."Ұсыныс өте қызықты болғандықтан қабылданады. Өз тарапымнан Орталық Азияның басқа елдерімен бірлесіп әзірленген "Бір тур – бір өңір" бағдарламасына Қазақстанның тағы бірнеше қалаларын: Тараз, Түркістан, Ақтау және т.б. қосуды ұсындым. Қазір тізімде Алматы, Астана және Шымкент бар", - деп атапөтті Оралов.Сондай-ақ, ол елдеріміздің құрлықтағы өткізу пункттерінде чартерлік туристік автобустардың кедергісіз өтуі үшін ерекше жағдайлар жасау мәселесін талқылауды ұсынды."Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы да табысты болатынына сенімдімін. Біздің міндетіміз - осы байланысты нығайту және ортақ рухани мұрамызды арттыру", - дептүйіндеді ол.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/191/69/1916962_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7e0cc91d5fe4601541e2657ce4ebd3aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фильм, өзбекстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Өзбекстанмен туристердің шекарадан өтуін жеңілдету және бірлескен фильмдер түсіру туралы келісті, деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Өзбекстан мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбековпен кездесуде тараптар кино саласында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.
"Атап айтқанда, бірлесіп фильмдер шығаруды, отандық кинокартиналарды өзбекстандық прокатқа шығаруды, сондай-ақ көрші елдің сериалдарын бізде, біздің сериалдарды көрші елде көрсету мәселесін талқыладық", - деп жаздыминистр әлеуметтік желідегі парақшасында.
АлНазарбеков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағын туралы өзара деректер алмасуды ұйымдастыруды ұсынды.
"Ұсыныс өте қызықты болғандықтан қабылданады. Өз тарапымнан Орталық Азияның басқа елдерімен бірлесіп әзірленген "Бір тур – бір өңір" бағдарламасына Қазақстанның тағы бірнеше қалаларын: Тараз, Түркістан, Ақтау және т.б. қосуды ұсындым. Қазір тізімде Алматы, Астана және Шымкент бар", - деп атапөтті Оралов.
Сондай-ақ, ол елдеріміздің құрлықтағы өткізу пункттерінде чартерлік туристік автобустардың кедергісіз өтуі үшін ерекше жағдайлар жасау мәселесін талқылауды ұсынды.
"Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы да табысты болатынына сенімдімін. Біздің міндетіміз - осы байланысты нығайту және ортақ рухани мұрамызды арттыру", - дептүйіндеді ол.