https://sputnik.kz/20230623/toqaev-ortalyq-aziyadagy-qauipsizdikti-kusheytuge-shaqyrdy-36271739.html
Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздікті күшейтуге шақырды
Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздікті күшейтуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Президент Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуінде бейнемәлімдеме форматында сөз сөйледі 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T12:58+0500
2023-06-23T12:58+0500
2023-06-23T12:58+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36205780_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_fcaa6b4e2e51a4a05583bb16eeb996af.jpg
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында сапалы жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет, деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.Оның пайымдауынша, аймақ үшін ең маңызды міндет – шекараның барлық периметрі бойынша тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздікті нығайту."Бұл мәселені біз әріптестерімізбен 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен "Орталық Азия - Ресей" форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуінде талқыладық. Қауіпсіздік – біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыттарының бірі. Төніп тұрған қауіпті тиімді болжап, ерте бастан алдын алу шараларын жедел әзірлеу керек екенін ескертеді", - деп атап өтті Тоқаев.Оның айтуынша, Орталық Азия мен Ресей елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу тетігі осы бағыттағы нақты тәсілдер мен шешімдерді қалыптастыруға жәрдемдесетін болады."Гибридті әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыратын әрекеттердің алдын алудың пәрменді тетігін әзірлеу маңызды", - деді мемлекет басшысы.Президент осы жұмыс аясында есірткі бизнесімен күреске ерекше назар аудару керек деп санайды."Бұл жерде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы сияқты өңірлік құрылымдар айқындаушы рөл атқаруы тиіс. Бұл – орталықтың әлеуеті ашылған жоқ", - деді президент.Ол өңірлік қауіпсіздіктің аталған тәуекелдері Ауғанстандағы жағдаймен тығыз байланысты екенін атап өтті."Бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін тиісті қадамдар Алматыда құрылып жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабының қызметі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20230623/resey-qauipsizdik-kenesinin-khatshysy-qazaqstanga-keledi-36262253.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36205780_96:0:1189:820_1920x0_80_0_0_d9ec2abf3efda0b45fe96ddb106a69f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздікті күшейтуге шақырды
Президент Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуінде бейнемәлімдеме форматында сөз сөйледі
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында сапалы жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет, деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Осы кезеңде ақпарат алмасуды кеңейту және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үйлестіруді арттыру бойынша жекелеген шаралар жеткіліксіз деп санаймын. Уақыт сапалы жаңа интеграцияланған тәсілдерді қалыптастыруды талап етеді. Бұл кездесу жақсы негіз қалайтынына сенімдімін", - деді президент.
Оның пайымдауынша, аймақ үшін ең маңызды міндет – шекараның барлық периметрі бойынша тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздікті нығайту.
"Бұл мәселені біз әріптестерімізбен 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен "Орталық Азия - Ресей" форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуінде талқыладық. Қауіпсіздік – біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыттарының бірі. Төніп тұрған қауіпті тиімді болжап, ерте бастан алдын алу шараларын жедел әзірлеу керек екенін ескертеді", - деп атап өтті Тоқаев.
Оның айтуынша, Орталық Азия мен Ресей елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу тетігі осы бағыттағы нақты тәсілдер мен шешімдерді қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.
"Гибридті әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыратын әрекеттердің алдын алудың пәрменді тетігін әзірлеу маңызды", - деді мемлекет басшысы.
Президент осы жұмыс аясында есірткі бизнесімен күреске ерекше назар аудару керек деп санайды.
"Бұл жерде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы сияқты өңірлік құрылымдар айқындаушы рөл атқаруы тиіс. Бұл – орталықтың әлеуеті ашылған жоқ", - деді президент.
Ол өңірлік қауіпсіздіктің аталған тәуекелдері Ауғанстандағы жағдаймен тығыз байланысты екенін атап өтті.
"Бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін тиісті қадамдар Алматыда құрылып жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабының қызметі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін", - деп түйіндеді президент.