https://sputnik.kz/20230623/toqaev-ekologiya-ministrine-tapsyrma-berdi-36286572.html
Тоқаев экология министріне тапсырма берді
Тоқаев экология министріне тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T17:55+0500
2023-06-23T17:55+0500
2023-06-23T18:03+0500
экология
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке еліміздегі вегетациялық кезең барысы және орман шаруашылығы мен жануарлар әлеміне қатысты мәселелер жөнінде мәлімет берілді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.Зүлфия Сүлейменова мемлекет басшысына табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.Бұдан бөлек, экология және табиғи ресурстар министрі негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.Кездесу соңында президент табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қажет жағдайда құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология, қасым-жомарт тоқаев
экология, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке еліміздегі вегетациялық кезең барысы және орман шаруашылығы мен жануарлар әлеміне қатысты мәселелер жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.
Зүлфия Сүлейменова мемлекет басшысына табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.
Бұдан бөлек, экология және табиғи ресурстар министрі негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Кездесу соңында президент табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қажет жағдайда құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.