ТМД Экономикалық кеңесі өтті: министрлер нені талқылады

© PhotoТМД Экономикалық кеңесінде еркін кедергісіз сауда шаралары талқыланды
ТМД Экономикалық кеңесінде еркін кедергісіз сауда шаралары талқыланды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мәскеуде өткен ТМД Экономикалық кеңесінің 98-ші отырысына қатысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі достастық елдерінің периметрі шегінде өзара саудадағы бар кедергілерді, шектеулер мен босатуларды жою мәселесі кездесудің негізгі тақырыбы болғанын атап өтті.
© PhotoСерік Жұманғарин
На Экономическом совете СНГ обсуждены меры свободной безбарьерной торговли
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Серік Жұманғарин
"Осы бағытта 2023 жылғы маусым айының басында елдердің сарапшылары 11 жыл жұмыс істеп жатқан қызметтердің еркін саудасы туралы келісімге ТМД үкімет басшыларының қол қоюы соңғы маңызды жетістіктердің бірі болды", - деп жазылған хабарламада.
Құжат елдер экономикасының одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауды айқындайды.
"Осы аспектіде ТМД шеңберінде электронды коммерцияның рөлі артып келеді. Қазақстан электрондық коммерция саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді толығымен қолдайды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Өзара саудада туындайтын кедергілерді тез арада шешу үшін жақында келіп түскен талаптарға сараптама жасайтын жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар, қабылданған басқа да шешімдердің қатарында ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне инфляция деңгейінің ұсынылатын мәндерінің сақталуына және экономикаға ұзақ мерзімді несиелер бойынша орташа алынған мөлшерлеменің көрсеткішінің орташа жылдық мәнін сақтауға ерекше назар аударуды ұсынды, бұл экономика өсуді жеделдетуге ықпал ететін болады.
2023 жылдың төрт айында Қазақстан мен ТМД мемлекеттері арасында өзара сауда көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен ($10,4 млрд) салыстырғанда 8,5%-ға ($11,3 млрд) өсуі байқалды.
Жаңалықтар
0