https://sputnik.kz/20230623/titan-batiskafyndagy-zharylys--turisterdin-barlygy-qaza-tapty-36264888.html
"Титан" батискафындағы жарылыс – туристердің барлығы қаза тапты
"Титан" батискафындағы жарылыс – туристердің барлығы қаза тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. АҚШ-тың жағалау күзеті жоғалған батискафтың қалдықтары табылғанын мәлімдеді. Туристік аппараттың ішінде болған экипаж қайтыс... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T08:45+0500
2023-06-23T08:45+0500
2023-06-23T08:46+0500
титаник
https://sputnik.kz/img/old/322/71/3227110_0:26:500:307_1920x0_80_0_0_2d44c7d8aa314720561858d382756dfd.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. АҚШ-тың жағалау күзеті жоғалған батискафтың қалдықтары табылғанын мәлімдеді. Туристік аппараттың ішінде болған экипаж қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости."Титан" батискафы 3,8 мың метр тереңдікте жатқан "Титаник" кемесіне саяхат жасаған. Ішінде бес адам болған."Қашықтан басқару аппараты "Титанның" артқы жағы мұхиттің түбінде жатқанын анықтады", - деді АҚШ-тың жағалау қызметінің өкілі Джон Могер.Оның айтуынша, батискафтың қалдықтары "Титаниктен" 200 метр шалғай жерде табылған."Батискаф ішке қарай жарылған. Осындай шешімге келгеннен кейін отбасыларына хабар бердік", - деп атап көрсетті Могер.Қосымша мәліметтер жинақтау үшін "Титанның" қалдықтары табылған жерде арнайы аппараттар жұмысын жалғастыра береді. Операция қай кезде аяқталатыны әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, батискафтың табылған жері тым терең. Ол жерде жұмыс істеу өте қиын. Марқұмдардың денесін табу да оңай емес.Айта кетері, "Титан" туристік аппараты өткен жексенбі күні жоғалып кеткен еді. Батискафпен 1912 жылы солтүстік Атлантикада батып кеткен "Титаникті" көруге саяхат жасаған. Батискаф саяхатқа шыққаннан кейін екі сағаттан соң онымен байланыс үзілген.OceanGate Expeditions компаниясының аппаратында бес адам болған. Олар – команияның негізін салушы Стоктон Раш, терең суда зерттеу жұмыстарының ардагері, француз маманы Поль-Анри Наржеоле, британдық миллиардер және ғарыш турисі Хамиш Хардинг, пәкістандық бизнесмен Шахзада Давуд және оның ұлы Сүлейман.
https://sputnik.kz/20230528/bir-gasyrdan-asty-titanik-zhayly-zhana-video-usynyldy-35368384.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/322/71/3227110_28:0:473:334_1920x0_80_0_0_62af60d97f0c45b3cffbf99110d8967f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
титаник
"Титан" батискафындағы жарылыс – туристердің барлығы қаза тапты
08:45 23.06.2023 (жаңартылды: 08:46 23.06.2023) АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. АҚШ-тың жағалау күзеті жоғалған батискафтың қалдықтары табылғанын мәлімдеді. Туристік аппараттың ішінде болған экипаж қайтыс болды, деп хабарлайды
РИА Новости. "Титан" батискафы 3,8 мың метр тереңдікте жатқан "Титаник" кемесіне саяхат жасаған. Ішінде бес адам болған.
"Қашықтан басқару аппараты "Титанның" артқы жағы мұхиттің түбінде жатқанын анықтады", - деді АҚШ-тың жағалау қызметінің өкілі Джон Могер.
Оның айтуынша, батискафтың қалдықтары "Титаниктен" 200 метр шалғай жерде табылған.
"Батискаф ішке қарай жарылған. Осындай шешімге келгеннен кейін отбасыларына хабар бердік", - деп атап көрсетті Могер.
Қосымша мәліметтер жинақтау үшін "Титанның" қалдықтары табылған жерде арнайы аппараттар жұмысын жалғастыра береді. Операция қай кезде аяқталатыны әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, батискафтың табылған жері тым терең. Ол жерде жұмыс істеу өте қиын. Марқұмдардың денесін табу да оңай емес.
Айта кетері, "Титан" туристік аппараты өткен жексенбі күні жоғалып кеткен еді. Батискафпен 1912 жылы солтүстік Атлантикада батып кеткен "Титаникті" көруге саяхат жасаған. Батискаф саяхатқа шыққаннан кейін екі сағаттан соң онымен байланыс үзілген.
OceanGate Expeditions компаниясының аппаратында бес адам болған. Олар – команияның негізін салушы Стоктон Раш, терең суда зерттеу жұмыстарының ардагері, француз маманы Поль-Анри Наржеоле, британдық миллиардер және ғарыш турисі Хамиш Хардинг, пәкістандық бизнесмен Шахзада Давуд және оның ұлы Сүлейман.