Маңғыстауда оқ-дәрілерді жою жұмыстары жүріп жатыр

© Photo : ГУ МЧС по Воронежской области / Медиабанкке өтуУничтожение боеприпасов. Архивное фото
Уничтожение боеприпасов. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Маңғыстауда елді мекендерден алыс қашықтықта орналасқан полигондарда оқ-дәрілер жойылып жатыр. Бұл айдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Lada.kz порталы.
"Оймаша" полигонында 19-30 маусым аралығында қоймаларда әрі қарай сақтауға қауіпті оқ-дәрілерді жою шаралары өткізіліп жатыр.
"Осыған байланысты Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындарына кәдеге жарату кезінде жарылыс дыбысы естілетінін ескертеміз, алайда ол жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейді", - деді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің бастығы Нұрбол Шалабаев.
Кәдеге жарату кезеңдерін өткізу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды, деп атап өтті гарнизон өкілі.
Талдықорғандағы саяжай  маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2023
Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
Жаңалықтар
0