Шемонаихадағы жарылыс: Облыс әкімі зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін айтты

© PhotoВ городе Шемонаиха на заправочной станции газовых баллонов в результате взрыва начался пожар
В городе Шемонаиха на заправочной станции газовых баллонов в результате взрыва начался пожар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
ШЕМОНАИХА. 23 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Шемонаихада болған жарылыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Осы жағдайдан кейін аудандық ауруханаға облыстың бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина барды. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы полиция деартаментінің басшысы, тергеу тобы, облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов барды.
Ал бүгін облыс әкімі тиісті тапсырма берді.
"Зардап шеккендердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Өңірде осындай жағдайды болдырмас үшін төтенше жағдайдың тергеу нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз", – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаихада газ баллонын толтыру бекетінда жарылыс болып, салдарынан 4 адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
Хабарланғандай, екі ер адамжан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, күйік шалған тағы екі адам – хирургиялық бөлімде.
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясы жарылды: екі адамның жағдайы өте ауыр
Жаңалықтар
0