https://sputnik.kz/20230623/qostanayda-ort-sondiru-boliminin-mamandary-men-qutqarushylarga-qatysty-sot-otip-zhatyr-36265789.html
Қостанайда өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен құтқарушыларға қатысты сот өтіп жатыр
Қостанайда өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен құтқарушыларға қатысты сот өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. 22 маусымда Қостанай сотында атышулы сот процесі басталды. Бірден 15 өрт сөндірушіге айып тағылып жатыр, деп хабарлайды "Астана"... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T09:26+0500
2023-06-23T09:26+0500
2023-06-23T09:26+0500
сыбайлас жемқорлық
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/old/707/02/7070295_0:273:4165:2616_1920x0_80_0_0_735fb142ae701f7eab36897c097c77d9.jpg
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. 22 маусымда Қостанай сотында атышулы сот процесі басталды. Бірден 15 өрт сөндірушіге айып тағылып жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Қылмыстық істегі негізгі айыпталушы тұлға – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының басшысы. Бауыржан Әлімбаевқа бірнеше рет қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін жымқырды деген айып тағылған.Іс материалдарына сәйкес, ол аттестациядан өту немесе басқа қызметке ауысу үшін қарамағындағы қызметкерлерден ақша алған. Пара көлемі 30 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін жеткен. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, осылайша қызметкер жарты миллион теңгеге дейін табыс тапқан.Әлімбаевтан бөлек бұл іске тағы 14 адам қатысып отыр. Олардың арасында аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің бірнеше басшыларымен бірге қатардағы құтқарушылар да бар. Оларға пара берді деген айып тағылып отыр.Қазір тек Әлімбаев қамауға алынды, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалған айыпталушылардан ешқайда шықпау туралы қолхат алынған.
https://sputnik.kz/20230517/astanada-basqarma-basshysy-zhemqorlyq-kudikke-ilindi-34964873.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/707/02/7070295_157:0:4009:2889_1920x0_80_0_0_f3c6d85ce25788e1aa87ed869c69b1a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, қостанай облысы
сыбайлас жемқорлық, қостанай облысы
Қостанайда өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен құтқарушыларға қатысты сот өтіп жатыр
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. 22 маусымда Қостанай сотында атышулы сот процесі басталды. Бірден 15 өрт сөндірушіге айып тағылып жатыр, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Қылмыстық істегі негізгі айыпталушы тұлға – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының басшысы. Бауыржан Әлімбаевқа бірнеше рет қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін жымқырды деген айып тағылған.
Іс материалдарына сәйкес, ол аттестациядан өту немесе басқа қызметке ауысу үшін қарамағындағы қызметкерлерден ақша алған. Пара көлемі 30 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін жеткен. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, осылайша қызметкер жарты миллион теңгеге дейін табыс тапқан.
Әлімбаевтан бөлек бұл іске тағы 14 адам қатысып отыр. Олардың арасында аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің бірнеше басшыларымен бірге қатардағы құтқарушылар да бар. Оларға пара берді деген айып тағылып отыр.
Қазір тек Әлімбаев қамауға алынды, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалған айыпталушылардан ешқайда шықпау туралы қолхат алынған.