Қазақстандық сауыншылар Германиямен бірлескен жоба аясында біліктілігін арттырады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСауыншы, архивтегі фото
Сауыншы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Қазақстанның сауыншылары Германиямен бірлескен жоба аясында біліктілігін арттырады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Алматы облысында "Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығын құру жоспарланып жатыр.
"Жоба Қазақстанның сүт саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. 2019 жылғы желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге ресми сапары барысында министрлік неміс әріптестерімен бірге кооперациялық жобаны іске асыратынытуралы мәлімдеді. 2023 жылдың қазан айында Қазақстандағы бірлескен жобаның бірінші кезеңі аяқталады", - дейді ведомство.
Халықаралық және отандық сарапшылар тобы осы уақыт ішінде Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 16 пилоттық шаруашылығында консультациялар өткізіп, техникалық және басқару персоналының біліктілігін арттырып жатыр, дейді министрлік.
Бағдарламаны Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне енгізуге ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашөкеев бастамашы болды.
"Сүт" жобасын одан әрі іске асыру қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге, жобаны республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде кеңейтуге, білікті сарапшылар даярлауға мүмкіндік береді, деп түйіндеді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңалықтар
0