https://sputnik.kz/20230623/qarzhy-piramidasyn-qurdy-degen-kudikpen-ustalgan-vaynerlerge-sot-ukimi-shyqty-36289562.html
Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған вайнерлерге сот үкімі шықты
Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған вайнерлерге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматының Алмалы аудандық сотында "Mudarabah Capital", "Astex" және "ACD Technology" қаржы пирамидаларын құру және басқару туралы... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T18:33+0500
2023-06-23T18:33+0500
2023-06-23T18:39+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/14/24323631_0:39:2689:1552_1920x0_80_0_0_882414fe53a7cc5649f05c9f24187e95.jpg
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматының Алмалы аудандық сотында "Mudarabah Capital", "Astex" және "ACD Technology" қаржы пирамидаларын құру және басқару туралы істің фигуранттары, оның ішінде белгілі қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты. Вайнерлердің әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Олар жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Блогерлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша кінәлі деп танылды. Ал Қылмыстық кодекстің 262-бабы "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бойынша ақталды.Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды және басқарды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айыпталған қалған сотталушыларға мынадай жаза кесілді:Олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.Істің тағы екі қатысушысы – Азизжан Саидбаев пен Әділет Ораз әлі іздеуде жүр.Айыптау актісіне сәйкес, тергеу Алмас Құрманғалиевті қаржы пирамидасының негізгі ұйымдастырушысы деп таныды. Ол 2019 жылы қаржы пирамидасын құру үшін өзіне сыбайластар іздей бастаған.Алмас Құрманғалиевтің бірінші тапқан адамы, әрі туысы Ержан Мансұров болған. Ол әу баста "ACD Technology" ЖШС құрған. Дәл осы компания компьютер өндірісіне инвестиция тартамыз деген сылтаумен салымшылардың қаражатын бірінші болып жинаған. Олар салымшыларға 32 күн ішінде (жылына 240%) салымның 20% мөлшерінде дивиденд төлеуге уәде берген. Барлық жаңа салым компанияға бұрын жүгінген клиенттер алдындағы берешекті өтеуге жұмсалған.Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, бизнестің өркендеп жатқанын көріп, 2019 жылдың қарашасында сотталушылар тағы бір компания құрған. Оны Алмас Құрманғалиевтің тағы бір туысы - Ерлан Мансұров басқарған. "ASTEX.KZ" ЖШС "ACD Technology" ЖШС-ге ұқсас әрекет етті.Келесі қаржы пирамидасы – "Mudarabah Capital" ЖШС 2020 жылы пайда болды. Оны Алмас Құрманғалиев ұйымдастырған деп есептейді тергеу. Бұлардың жарнамасын әлеуметтік желілерде вайнерлер барынша насихаттаған. Олардың қатарында белгілі қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов, сондай-ақ әзірге іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаев, істің тағы бір фигуранты Әділет Ораз бар.Сот жәбірленушілердің 1 861 752 441 теңгеден астам сомаға азаматтық талабын қанағаттандырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/14/24323631_0:0:2689:2018_1920x0_80_0_0_3709e6f6f97841667bf89e442b1e15bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматының Алмалы аудандық сотында "Mudarabah Capital", "Astex" және "ACD Technology" қаржы пирамидаларын құру және басқару туралы істің фигуранттары, оның ішінде белгілі қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты. Вайнерлердің әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Олар жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Блогерлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша кінәлі деп танылды. Ал Қылмыстық кодекстің 262-бабы "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бойынша ақталды.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды және басқарды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айыпталған қалған сотталушыларға мынадай жаза кесілді:
Алмас Құрманғалиев – 14 жыл,
Руслан Бүркенов – 12 жыл,
Нұрлан Сұлтанбаев – 8 жыл.
Біржан Жармұхамедов – 6 жылға сотталды.
Олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.
Істің тағы екі қатысушысы – Азизжан Саидбаев пен Әділет Ораз әлі іздеуде жүр.
Айыптау актісіне сәйкес, тергеу Алмас Құрманғалиевті қаржы пирамидасының негізгі ұйымдастырушысы деп таныды. Ол 2019 жылы қаржы пирамидасын құру үшін өзіне сыбайластар іздей бастаған.
Алмас Құрманғалиевтің бірінші тапқан адамы, әрі туысы Ержан Мансұров болған. Ол әу баста "ACD Technology" ЖШС құрған. Дәл осы компания компьютер өндірісіне инвестиция тартамыз деген сылтаумен салымшылардың қаражатын бірінші болып жинаған. Олар салымшыларға 32 күн ішінде (жылына 240%) салымның 20% мөлшерінде дивиденд төлеуге уәде берген. Барлық жаңа салым компанияға бұрын жүгінген клиенттер алдындағы берешекті өтеуге жұмсалған.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, бизнестің өркендеп жатқанын көріп, 2019 жылдың қарашасында сотталушылар тағы бір компания құрған. Оны Алмас Құрманғалиевтің тағы бір туысы - Ерлан Мансұров басқарған. "ASTEX.KZ" ЖШС "ACD Technology" ЖШС-ге ұқсас әрекет етті.
Келесі қаржы пирамидасы – "Mudarabah Capital" ЖШС 2020 жылы пайда болды. Оны Алмас Құрманғалиев ұйымдастырған деп есептейді тергеу. Бұлардың жарнамасын әлеуметтік желілерде вайнерлер барынша насихаттаған. Олардың қатарында белгілі қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов, сондай-ақ әзірге іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаев, істің тағы бір фигуранты Әділет Ораз бар.
Сот жәбірленушілердің 1 861 752 441 теңгеден астам сомаға азаматтық талабын қанағаттандырды.