Батыс Қазақстанда мектеп директоры аттестат үшін ата-аналардан ақша жинаған

© Sputnik / Тимур БатыршинПоследний звонок 2020
Последний звонок 2020  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, олардан 1000 теңге сомасында ақша жинау туралы нұсқау берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап
Департаменттің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке директордың баспа құрылғыларының көмегімен мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру үшін ата-анасынан ақша жинау фактісі бойынша білім беру ұйымы түлектерінің ата-аналары жүгінген.
Осы ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін осы жылдың 20 маусымында "ANTIKOR Ortalygy" сервистік орталығында құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымы – тапсырыс беруші мен "ЖШС" атынан өнім беруші арасында осы жылдың 19 мамырында мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.
"Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" ҚР білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығының талаптарын сақтамаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген", - деп атап өтті ведомство.
Осыған байланысты, мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, ата-аналардан 1000 теңге сомасында ақша жинау туралы нұсқау берген.
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін, түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат қайтарылды, жоғарыда аталған заң бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
У здания суда, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Әлем
Таңертең мектепке аттестат алуға кеткен қыздың денесі орманнан табылды
Жаңалықтар
0