https://sputnik.kz/20230623/aqtobede-11-bala-qyzylsha-zhuqtyrdy-36286711.html
Ақтөбеде 11 бала қызылша жұқтырды
Ақтөбеде 11 бала қызылша жұқтырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 11 бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Ақтөбе облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T21:17+0500
2023-06-23T21:17+0500
2023-06-23T21:17+0500
қызылша
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/04/17773622_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_c6ddbd67e6e94732f31812b9aefabcd6.jpg
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 11 бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Ақтөбе облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев мәлімдеді, деп хабарлады "Диапазон".Мұхтар Сербаевтың айтуынша, облыста қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз."Биылғы 16 ақпаннан 20 маусымға дейін Ақтөбеде қызылша инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 20 факт тіркелді. 11 жағдайда қызылша расталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 жағдай, 1 жағдай науқаспен байланыста болған адамдар арасында тіркелді", - дейді Ақтөбе облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.Оның айтуынша, қызылшамен ауырған науқастардың 80%-тен астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылшадан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі – екпе алу, дейді маман.Әрбір ата-ана баласының қызылшаға қарсы екпе алған-алмағанын тексеруі керек. Егер екпе алмаған жағдайда емханаға баруға тиіс, дейді санэпидемиолог.Екпе алмаған балаларды көпшілік жиналған жерге апару қауіпті. Аурудың алғашқы белгілері – ыстық көтеріліп, мұрыннан су ағып, жөтел мен денеде бөртпе пайда болады. Сол кезде дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/04/17773622_454:0:2702:1686_1920x0_80_0_0_514b808620cde3182ec570ca24bc7f40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша, ақтөбе облысы
Ақтөбеде 11 бала қызылша жұқтырды
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 11 бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Ақтөбе облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев мәлімдеді, деп хабарлады "
Диапазон".
Мұхтар Сербаевтың айтуынша, облыста қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.
"Биылғы 16 ақпаннан 20 маусымға дейін Ақтөбеде қызылша инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 20 факт тіркелді. 11 жағдайда қызылша расталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 жағдай, 1 жағдай науқаспен байланыста болған адамдар арасында тіркелді", - дейді Ақтөбе облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Оның айтуынша, қызылшамен ауырған науқастардың 80%-тен астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылшадан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі – екпе алу, дейді маман.
"Қазақстанда вакцинация жүргізудің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы екпе 1 жаста, ревакцинация 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауыратын және бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар 30 жасқа дейін вакцинацияланады", - дейді Мұхтар Сербаев.
Әрбір ата-ана баласының қызылшаға қарсы екпе алған-алмағанын тексеруі керек. Егер екпе алмаған жағдайда емханаға баруға тиіс, дейді санэпидемиолог.
Екпе алмаған балаларды көпшілік жиналған жерге апару қауіпті. Аурудың алғашқы белгілері – ыстық көтеріліп, мұрыннан су ағып, жөтел мен денеде бөртпе пайда болады. Сол кезде дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек.