https://sputnik.kz/20230622/toqaev-khalyqty-qolzhetimdi-zhane-sapaly-internetpen-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy-36259990.html
Тоқаев халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткізді. Алқалы жиында еліміздің... 22.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-22T18:19+0500
2023-06-22T18:19+0500
2023-06-22T18:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
интернет
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткізді. Алқалы жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев саяси реформалармен қатар экономикалық және құқықтық өзгерістер де жүзеге асырылуы қажет екенін атап өтті. Үкімет пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескеру жөнінде тапсырма берілді.Президенттің айтуынша, жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмеген. Осы орайда кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берілді.Жиында ұлттық жобаларды әзірлеу мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды."Қолжетімді интернет" жаңа ұлттық жобасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады. Мемлекет басшысы министрдің баяндамасын тыңдап, аталған ұлттық жоба халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керек екенін баса айтты.Жиында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту мәселесі де талқыланды. Президент денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа бағдарламаны тиімді іске асырып, отандық өнімдерді кеңінен қолдануды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, интернет
қасым-жомарт тоқаев, интернет
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткізді. Алқалы жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев саяси реформалармен қатар экономикалық және құқықтық өзгерістер де жүзеге асырылуы қажет екенін атап өтті. Үкімет пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескеру жөнінде тапсырма берілді.
"Жиын барысында энергетика саласы мен тиімді тариф саясатын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Мемлекет басшысы "Тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Президенттің айтуынша, жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмеген. Осы орайда кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берілді.
Жиында ұлттық жобаларды әзірлеу мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.
"Қолжетімді интернет" жаңа ұлттық жобасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады. Мемлекет басшысы министрдің баяндамасын тыңдап, аталған ұлттық жоба халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керек екенін баса айтты.
Жиында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту мәселесі де талқыланды. Президент денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа бағдарламаны тиімді іске асырып, отандық өнімдерді кеңінен қолдануды тапсырды.