Семейде "қоғамдық қордың" өкілдері бопсалаумен айналысқан

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik.ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған.
Қордың әлеуметтік желіде жеке парақшасы бар. Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген. Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.
"Бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
0