https://sputnik.kz/20230622/samokat-minetinder-neni-biluge-tiis--senat-zandy-maquldady-36240580.html
Самокат мінетіндер нені білуге тиіс – сенат заңды мақұлдады
Самокат мінетіндер нені білуге тиіс – сенат заңды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Заңға сәйкес, электросамокатпен 18 жасқа толған азаматтар ғана жүре алады 22.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-22T10:23+0500
2023-06-22T10:23+0500
2023-06-22T10:25+0500
сенат
заң
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466431_66:0:3707:2048_1920x0_80_0_0_b76150de1d90daf0a18a971594c4cace.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Парламент сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Негізгі мақсаты – қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу.Сенатор Евгений Больгерттің айтуынша, заң бойынша "электрондық самокат" ұғымы енгізіледі.Самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт, сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс.Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.Заңда шағын электр көлігі мен электросамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көліктердің "Жол қозғалысы туралы" заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көліктерді тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.Көліктерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі."Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңы көлік жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның жаңа түрімен толықтырылады."Мәжіліс қабылдаған заң жеке жүріп-тұру құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар, енгізілетін құқықтық новеллаларды тәжірибеде сынақтан өткізуді, сондай-ақ электр самокаттар мен шағын электр көліктерін пайдалану тәртібін реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, болашақта өзінің заңнамалық шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар", - деді Больгерт.Сенат мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20230510/shlem-zhane-zhurgizushi-kualigi-samokat-minetinderge-talapty-kusheytetin-zan-qabyldandy-34728955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466431_521:0:3252:2048_1920x0_80_0_0_b7be9976c5e87c728789bbe53d440b0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, заң
Самокат мінетіндер нені білуге тиіс – сенат заңды мақұлдады
10:23 22.06.2023 (жаңартылды: 10:25 22.06.2023) Заңға сәйкес, электросамокатпен 18 жасқа толған азаматтар ғана жүре алады
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Парламент сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Негізгі мақсаты – қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу.
Сенатор Евгений Больгерттің айтуынша, заң бойынша "электрондық самокат" ұғымы енгізіледі.
"Ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін орындар айқындалады. Сондай-ақ самокат жүргізушілері үшін бірқатар тыйым енгізіледі. Атап айтқанда, заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, электр самокаттарға жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша жүруге жол беріледі", - деді сенат депутаты.
Самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт, сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс.
Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Заңда шағын электр көлігі мен электросамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көліктердің "Жол қозғалысы туралы" заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көліктерді тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.
Көліктерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңы көлік жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның жаңа түрімен толықтырылады.
"Мәжіліс қабылдаған заң жеке жүріп-тұру құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар, енгізілетін құқықтық новеллаларды тәжірибеде сынақтан өткізуді, сондай-ақ электр самокаттар мен шағын электр көліктерін пайдалану тәртібін реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, болашақта өзінің заңнамалық шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар", - деді Больгерт.
Сенат мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.