https://sputnik.kz/20230622/qyzylordadagy-zavodta-zhumysshylar-kukirt-qyshqylyna-kuyip-qaldy-36244949.html
Қызылордадағы заводта жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды
Қызылордадағы заводта жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды
Sputnik Қазақстан
ҚЫЗЫЛОРДА, 22 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "СКЗ-U" күкірт қышқылы заводында жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды. Оқиғаның... 22.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-22T12:38+0500
2023-06-22T12:38+0500
2023-06-22T12:38+0500
оқиға
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_eece8c12a79a933447e681965f81bc42.jpg
ҚЫЗЫЛОРДА, 22 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "СКЗ-U" күкірт қышқылы заводында жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Оқиға 19 маусымда сағат 14:50 шамасында болған. Дәнекерлеушілер Мәди Оспанов пен Абай Бақтыбаев дәл осы уақытта жылу алмастырғыштың штепселін ауыстырып жатқан.Қазіргі таңда оқиға бойынша еңбек испекциясы комиссия құрып, тексеру жүріп жатыр.Ал күкіртке күйген жұмысшылардың бірінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер."1975 жылғы науқас Жаңақорған орталық ауруханасы, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқастың туыстары одан әрі емдеуден бас тартып, өз көлігімен Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізіп, науқас реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Дәрігерлердің айтуынша, қарқынды терапия жалғасып жатыр.Мәди Оспановтың беті, денесі, қолдары және аяқтары қатты күйген. Дәрігерлер "ауыр күйік шогы, екі көздің конъюнктивасының күйіп қалған" деп диагноз қойған.Айта кетейік, Жаңақорғандағы "СКЗ-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Завод күкірт қышқылын өндіреді. Тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіреді.
https://sputnik.kz/20230518/qyzylordadagy-massazh-ortalygynda-sabi-parafinmen-qatty-kuyip-qaldy-35008943.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_3cadacbceb3a46e65c14ae20eeee1aa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қызылорда облысы
Қызылордадағы заводта жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды
ҚЫЗЫЛОРДА, 22 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "СКЗ-U" күкірт қышқылы заводында жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды. Оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Оқиға 19 маусымда сағат 14:50 шамасында болған. Дәнекерлеушілер Мәди Оспанов пен Абай Бақтыбаев дәл осы уақытта жылу алмастырғыштың штепселін ауыстырып жатқан.
"Дәл сол күні қатты жел соғып, жауын жауып, алай-дүлей болып кетті. Сол кезде жарық та өшіп қалған. Жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда электр жарығы қайта беріледі. Сол кезде күкірт қышқылы атқылай бастайды. Салдарынан екі дәнекерлеуші күкірт қышқылынан химиялық күйік алған", - дейді Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының мамандары.
Қазіргі таңда оқиға бойынша еңбек испекциясы комиссия құрып, тексеру жүріп жатыр.
Ал күкіртке күйген жұмысшылардың бірінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
"1975 жылғы науқас Жаңақорған орталық ауруханасы, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқастың туыстары одан әрі емдеуден бас тартып, өз көлігімен Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізіп, науқас реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, қарқынды терапия жалғасып жатыр.
Мәди Оспановтың беті, денесі, қолдары және аяқтары қатты күйген. Дәрігерлер "ауыр күйік шогы, екі көздің конъюнктивасының күйіп қалған" деп диагноз қойған.
Айта кетейік, Жаңақорғандағы "СКЗ-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Завод күкірт қышқылын өндіреді. Тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіреді.