Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО Украинаға әскери көмек көрсетуге қатысты шындықты айтты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
Солтсүтікатлантикалық альянстағылар өз өнеркәсібінің әлсіздігін растады. Бас хатшысы Йенс Столтенберг Киевке жеткізулердің салдарынан әскери блокқа мүше елдердің оқ-дәрісі мен қару-жарағының қоймасы босағанын мойындады, деп жазды РИА Новости.
Брюссельдегілер бұл қарулы қақтығыс мұншалық қарқынды болады деп күтпеген секілді. Әскери іс-қимылдар тірескен сипатқа ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстағыдай артиллериялық оқ-дәрінің көлемі шешуші факторға айналды. Сондықтан Украина Қарулы күштеріне әскери көмек беруде одақтастар аянбады.
Немістердің Der Spiegel басылымы жақында Германияның қорғаныс министрі Борис Писториустың мәлімдемелерін жариялады. Ол бундесверде НАТО-ның 155 миллиметрлік негізгі калибрлі 20 мыңға жуық снаряды бар екенін мойындады. Бұл Украина армиясына көп дегенде үш-төрт күнге жетеді. Ал неміс армиясы ресми түрде альянстағы АҚШ пен Түркиядан кейінгі үшінші күшті мемлекет саналады. Сондықтан АҚШ-ты қоспағанда басқа қолаушы елдердегі жағдай да жақсы емес деген ой келеді.
Министр билікті жаппай сатып алуды қаржыландыруға және 230 мың оқ-дәрі жинақтауға шақырды. Бұл да көп емес – бір айлық қақтығысқа жетеді. Бірақ Берлин мұндай қорға тек 2031 жылға қарай қол жеткіземіз деп отыр. Германияның және басқа Еуропа елдерінің қорғаныс өнеркәсібі артиллериялық снарядтарды толықтыруға дайын емес екені анықталды.
Тек АҚШ-та айтарлықтай ауқымды арсенал бар. Олардың Оңтүстік Корея мен Израильдегі қорына әлі тиіскен жоқ. Бұл Вашингтон үшін ұтымды болып отыр.
"НАТО-ның әр саммитінде еуропалық көшбасшылар Вашингтоннан қорғаныс шығындарын арттыру туралы тапсырма алып жатыр. Оларға тек америкалық қару-жарақты сатып алуға нұсқама беріледі", - деп жазды Politico.
Сондықтан америкалықтар еуропалық өндіріс орындарын белсенді түрде өздеріне тартып, оқ-дәрі өндірісін көбейтуде. Олар күзге қарай айына 20 мың, 2025 жылға қарай 40 мың снаряд өндірісіне шығуды көздеп отыр.
Дәл осындай әрекетті олар қарудың басқа түрлеріне қатысты қолданғылары келеді. Мысалы, Еуроодақ елдеріне Киевке жіберілген "Леопардтарды" (150-ден астам) "Абрамстармен" ауыстыру ұсынылды. Бұл ұсынысқа жалпы Еуропа қарсы емес. Себебі 2022 жылдың күзінде Германия канцлері Олаф Шольц "Еуропаның аспан қалқаны" бастамасын ұсынды: ол әуе қорғанысының бірыңғай жүйесін құруды қамтиды. Шольц барлық одақтастарды америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуға шақырды.
НАТО басқа да мәселелерге тап болды. Киевке батыстық қару жолдау үшін 800 миллион доллар жұмсады. The New York Times екі дереккөзінің хабарлауынша, кейбір тапсырыстар орындалмай, қаражат қайтарылған. Соның салдарынан көктемге дейін жүздеген миллион сомаға келісімшарт тоқтатылды.
Сонымен қатар жеткізілімдер көбінесе сапасыз болды. Әскери техника күрделі жөндеуді қажет етті немесе тек қосалқы бөлшек ретінде жарамды болды. Сарапшылардың пікірінше, Украина Қарулы күштерінің қару-жарағының 30 процентке жуығы жөндеу базаларында тұр.
Бұл ретте Киев батыстық әріптестерін сынамауға тырысады. Мысалы, америкалық Ultra Defense Corporation компаниясына гаубицаларды жөндеу үшін 19,8 миллион доллар төленген. Бірақ компания әсккери техниканы "жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жарамсыз" жағдайда қайтарды.
НАТО елдері Киевтің көмегімен қоймалардағы ескірген және кәдеге жарату қымбат техникадан құтылуды көздегенімен, Брюссель қақтығыстың мұндай ауқымды болады деп күтпеген секілді. ЕО-ның қорғаныс қабілеті уақыт өткен сайын көп зардап шегіп жатыр және АҚШ-қа әскери тәуелділігі артты. Осы тұрғыда тек Вашингтонның әскери іс-қимылдарды жалғастыруды талап етуі кездейсоқ емес.
Жаңалықтар
0