https://sputnik.kz/20230622/ministrliktin-aue-parkine-europalyq-ulgi-boyynsha-qyzmet-korsetiledi-36236355.html
Министрліктің әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі
Министрліктің әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Францяның Ле Буржесіндегі авиасалонда "Қазавиақұтқару" әлемдегі жетекші тікұшақ қозғалтқыштарын өндіруші Safran Helicopter Engines... 22.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-22T10:19+0500
2023-06-22T10:19+0500
2023-06-22T10:29+0500
төтенше жағдайлар комитеті
тікұшақ
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18766255_0:54:1025:630_1920x0_80_0_0_5b917271c08d000a180005b9316749a0.jpg
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Францяның Ле Буржесіндегі авиасалонда "Қазавиақұтқару" әлемдегі жетекші тікұшақ қозғалтқыштарын өндіруші Safran Helicopter Engines компаниясымен арнайы шарт жасасу ниеті тіркелді. Бұл туралы "Қазавиақұтқару" баспасөз қызметі хабарлады."Бұдан былай уағдаластық шеңберінде төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының әуе кемелеріне қызмет көрсетіледі, жөнделеді, сондай-ақ қозғалтқыштарды бақылауды одан да жедел жүзеге асырады, бұл оларға ұшуға жарамды болу үшін қажетті техникалық қызмет көрсету нысандарында едәуір азырақ тұруға мүмкіндік береді. Еуропадағы құтқару қызметтерінің көпшілігі осы принцип бойынша жұмыс істейді", - делінген хабарламада."Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Болат Абайділдиновтың айтуынша, бүгінгі күні тіпті регламенттік жұмыстарды жүргізуге уақыт бөлуге келгенде - бұл жедел. "Safran Helicopter Engines Germany" компаниясының бас директоры Франсис Ларрибоның айтуынша, Еуропада құтқарумен айналысатын барлық ұйымдарда осындай келісімшарт түрі бар. "Құтқару туралы сөз болғанда, оқиға орнына мүмкіндігінше тезірек жетіп, адамдарды ауруханаларға апару маңызды. Сондықтан тікұшақтардың қолжетімді болуы өте маңызды. Біздің мақсат - "Қазавиақұтқару" операторының тек операциялық жұмыспен айналысуы, ал біз өнеркәсіпшілер ретінде тікұшақтар мен олардың қозғалтқыштарының тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18766255_56:0:967:683_1920x0_80_0_0_be1e8d69fd68b80cb6ad44f26e4c41ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдайлар комитеті, тікұшақ
төтенше жағдайлар комитеті, тікұшақ
Министрліктің әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі
10:19 22.06.2023 (жаңартылды: 10:29 22.06.2023) АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Францяның Ле Буржесіндегі авиасалонда "Қазавиақұтқару" әлемдегі жетекші тікұшақ қозғалтқыштарын өндіруші Safran Helicopter Engines компаниясымен арнайы шарт жасасу ниеті тіркелді. Бұл туралы "Қазавиақұтқару" баспасөз қызметі хабарлады.
"Бұдан былай уағдаластық шеңберінде төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының әуе кемелеріне қызмет көрсетіледі, жөнделеді, сондай-ақ қозғалтқыштарды бақылауды одан да жедел жүзеге асырады, бұл оларға ұшуға жарамды болу үшін қажетті техникалық қызмет көрсету нысандарында едәуір азырақ тұруға мүмкіндік береді. Еуропадағы құтқару қызметтерінің көпшілігі осы принцип бойынша жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
"Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Болат Абайділдиновтың айтуынша, бүгінгі күні тіпті регламенттік жұмыстарды жүргізуге уақыт бөлуге келгенде - бұл жедел.
"Біздің қозғалтқышты белгілі бір жерде жөндеудің қажеті жоқ, олар оның орнына басқасын береді. Бұл шамамен 7-10 күнді алады. Яғни бұған айлар кетпейді. Бізде жұмыс 4-5 айға немесе одан да ұзақ уақытқа созылатын кездер болды. Бұл келісімдер бізге әуе кемесінің осы түрін барынша пайдалануға мүмкіндік береді", - дейді ол.
"Safran Helicopter Engines Germany" компаниясының бас директоры Франсис Ларрибоның айтуынша, Еуропада құтқарумен айналысатын барлық ұйымдарда осындай келісімшарт түрі бар.
"Құтқару туралы сөз болғанда, оқиға орнына мүмкіндігінше тезірек жетіп, адамдарды ауруханаларға апару маңызды. Сондықтан тікұшақтардың қолжетімді болуы өте маңызды. Біздің мақсат - "Қазавиақұтқару" операторының тек операциялық жұмыспен айналысуы, ал біз өнеркәсіпшілер ретінде тікұшақтар мен олардың қозғалтқыштарының тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз", - деді ол.