https://sputnik.kz/20230622/askerge-arnalgan-oq-otpeytin-sauyt-pen-dulygany-synaqtan-otkizetin-zher-zhoq--deputat-36246585.html
Әскерге арналған оқ өтпейтін сауыт пен дулығаны сынақтан өткізетін жер жоқ – депутат
Әскерге арналған оқ өтпейтін сауыт пен дулығаны сынақтан өткізетін жер жоқ – депутат
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Жанна Асанова отандық қару-жарақ, дулыға және қорғаныс қалқандарын шығаратындар өз өнімін сынақтан өткізе алмай... 22.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-22T13:22+0500
2023-06-22T13:22+0500
2023-06-22T13:22+0500
әскерилер
әскери техника
https://sputnik.kz/img/322/67/3226782_0:54:1024:630_1920x0_80_0_0_2626838f0119f5d80846dca2f4418159.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Жанна Асанова отандық қару-жарақ, дулыға және қорғаныс қалқандарын шығаратындар өз өнімін сынақтан өткізе алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенатордың айтуынша, Қазақстанда атыс сынақтарын жүргізуге арналған тіркелген зертхана мен өндірілген бұйымдардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін сертификаттау жөніндегі органдар жоқ. Айтуынша, әскери қызметшілерге жеке қорғаныс құралдарын дайындау талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттың жоқтығынан, мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу кезінде ресейлік ұқсас стандартты назарға алып келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/322/67/3226782_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_95639d38c9a3d7544f49404d23f0045d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер, әскери техника
әскерилер, әскери техника
Әскерге арналған оқ өтпейтін сауыт пен дулығаны сынақтан өткізетін жер жоқ – депутат
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Жанна Асанова отандық қару-жарақ, дулыға және қорғаныс қалқандарын шығаратындар өз өнімін сынақтан өткізе алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың айтуынша, Қазақстанда атыс сынақтарын жүргізуге арналған тіркелген зертхана мен өндірілген бұйымдардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін сертификаттау жөніндегі органдар жоқ.
"Өндірілетін жеке қорғаныс құралдарының, оның ішінде оқ өтпейтін сауыттар мен дулығалар және қорғаныс қалқандарының жиынтығын мемлекеттік стандартқа сәйкестігін растайтын сенімді зертхана мен сертификаттау органдарының мәселесін қарастыру қажет. Сондай-ақ Қазақстанның отандық өндірушілері арасында жеке қорғаныс құралдарын сатып алу рәсімдерін өткізу мүмкіндігіне талдау жасау қажет", - деді Асанова депутаттық сауалында.
Айтуынша, әскери қызметшілерге жеке қорғаныс құралдарын дайындау талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттың жоқтығынан, мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу кезінде ресейлік ұқсас стандартты назарға алып келеді.