Өңірлер

Сот анасын аяусыз соққыға жыққан Көкшетау тұрғынын 4 жылға соттады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 21 маусым – Sputnik. Көкшетау тұрғыны қарт анасын аяусыз соққыға жыққан. Егде жастағы әйелдің құлағаннан кейін төсекте жатқаны оған ұнамаған. Анасын ұрып-соққан жігіт төрт жылын түрмеде өткізуге мәжбүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
40 жастағы қала тұрғыны анасын құлағаннан кейін жамбас сүйегі сынып төсекте жатқаны үшін соққыға жыққан. Қария жедел жәрдем күтіп жатқан.
"Ж" есімді азамат мас күйде болғаны анықталды.
"66 жастағы "К" есімді азаматшаның алты қабырғасы мен жамбас сүйегі сынып, көкбауыры жарылып, жансақтау бөліміне жатқызылған", - деп атап өтті Көкшетау қалалық прокуратурасы.
Сотта мемлекеттік айыптаушы ауыр дене жарақатын салғаны үшін "Ж" есімді азаматты мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберіп, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот тараптардың пікірін тыңдағаннан кейін анасын анасын аяусыз соққыға жыққан Көкшетау тұрғынын 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2023
Оқиға
Павлодар облысында ер адам анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салмақ болды
Жаңалықтар
0