Қысқартуға ұшыраған "Қазақтелеком" қызметкерлері жұмыссыз қаламыз деп алаңдаулы

© Sputnik / Абзал КалиевАО "Казахтелеком"
АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. "Қазақтелеком" компаниясының инженерлері, механиктері және басқа да қызметкерлері жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдаулы.
Олардың айтуынша, Шымкент пен Түркістан облысынан 90-нан астам адам қысқартуға ұшыраған, деп хабарлайды өңірлік Otyrar.kz порталы.
Жұмысшылар басшылық Түркістан филиалындағы 30 қызметкерден 12 адамды жұмыстан шығаруды көздеп отырғанын айтады. Адамдар жұмыс істейтін ешкім қалмайтынына сенімді, өйткені олар қазірдің өзінде жұмыстың үлкен көлеміне байланысты шамадан тыс жүктемені сезініп отыр.
"2017 жылдан бері қысқарту жүріп жатыр. Жағдайымыз ауыр, одан әрі қысқартуға мүмкіндік жоқ. Тіпті зейнетке шыққандардың орнына ешкімді жұмысқа алмай жатыр. Енді тіпті қысқартулар көбейіп кетті. Біз не істеу керекпіз? Өз мамандығымыз бойынша қазір біз жұмыс таба алмаймыз", - дейді "Қазақтелеком" АҚ жетекші инженері Азамхан Абдуллаев.
Жұмыстан қысартылғандар тізіміндегілердің көбі зейнетке шығуға аз қалған адамдар екені белгілі болды.
Қызметкерлер компания басшылығына шағымданған, президент кеңсесіне де хат жазған, бірақ жауап алмаған.
"Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекейұлына бізді – зейнетке шығу алдында тұрған адамдарды неліктен жұмыстан шығарайын деп жатыр деген сауал жолдаймыз. Ал басшылықта ұзақ уақыттан бері зейнетке шыққан адамдар бар. Одан да соларды қысқартқан дұрыс. Біз жұмыс істегіміз келеді. Неге қарапайым халықтың үнін естімейсіздер?" – деді "Қазақтелеком" қызметкері Гүлсара Егембердиева.
Компания бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Шынымен де оңтайландыру, кейбір қызметкерлерді жұмыстан босату туралы бұйрық болды. Бірақ қарастырылғаннан кейін оның күші жойылды, деп сендірді "Қазақтелеком" компаниясындағылар.
"Бізде бос жұмыс орындары бар, ол орындарға адамдарды жұмысқа ала алмаймыз. Сол жұмыс орындарын қысқартып, қызметкерлеріміздің жалақысын көбейткіміз келеді", - дейді "Қазақтелеком" АҚ ОҚО қолжетімділік желілерін пайдалану департаментінің директоры Берік Төпетов.
Жаңалықтар
0