https://sputnik.kz/20230621/qazaqstanda-volonterlerdi-memlekettik-saqtandyru-qazhet-36200509.html
Қазақстанда волонтерлерді мемлекеттік сақтандыру қажет
Қазақстанда волонтерлерді мемлекеттік сақтандыру қажет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Қазақстан еріктілерін мемлекеттік сақтандыру қажет. Мұндай мәлімдемені ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким жасады, деп... 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T10:41+0500
2023-06-21T10:41+0500
2023-06-21T10:41+0500
еріктілер
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36188985_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ddaa9ed11252bf0996becb4e4a94b777.jpg
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Қазақстан еріктілерін мемлекеттік сақтандыру қажет. Мұндай мәлімдемені ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, Қазақстанда және еріктілердің көмегін қажет ететін көршілес елдерде ірі төтенше жағдайлар жиілеп кетті.Кимнің айтуынша, еріктілер жай адамдар емес. Арнайы дайындықтан өткен адамдар болуы керек."Қазір біздің еріктілер төтенше жағдайлар министрлігімен бірге оқудан, тәжірибеден өтіп, емтихан тапсырып жатыр. Сертификат алғаннан кейін ғана олар мемлекеттік сақтандыруды ала алады", - деп толықтырды Қазақстан ұлттық еріктілер желісінің басшысы.Кимнің айтуынша, Ресей мемлекетінде еріктілер туралы жеке заң қарастырылған."Мен 7-шақырылымның депутаты болдым, сол кезде біз бұл бастаманы ұсындық. Бірақ, өкінішке орай, қорғай алмадық. Өйткені барлық еріктілерді санау қиынға соқты, сондай-ақ нақты ақша сомасын кепілге қою керек болды. Мысалы, Ресей Федерациясында еріктілер туралы заңда жеке тармақ жоқ, бірақ оларда еріктілерді сақтандыру туралы заң бар. Менің ойымша, мұндай шешім Қазақстан үшін де оңтайлы болар еді", - деді ол.Қазақстандық еріктілерге мемлекеттік сақтандыру керек екенін павлодарлық "VITA" ерікті-іздестіру жасағының еріктісі Венера Смағұлова да айтады."Иә, мемлекеттік сақтандыру керек. Біз жоғалған адамдарды суда, далада жиі іздейміз. Әрине, біз бір-бірден жүрмейміз, рациялар, телефондар бар, бірақ соған қарамастан өмірімізді қауіпке тігеміз", - деді Смағұлова.Еріктінің айтуынша, күні-түні іздеген адамды кейде өлі күйде табасың."Бірде бізге бала жоғалып кетті деген хабар келді. Біз іздеуді бастадық, ол тірі шығар деп үміттендік. Сөйтсек Ваня есімді 12 жастағы бала достарымен шомылуға барып, суға батып кеткен. Балалар ата-аналарына айтудан қорқып, тек кешке ғана мойындаған. Біз екі күн бойы баланың денесін судан іздедік. Жоғалып кеткен адамды тірідей тапсақ төбеміз көкке жетеді", - дейді ерікті.Ерікті болғысы келетін жандар бірнеше кезеңнен өту қажет."Олар сіздің әлеуетіңізді, жасыңызды, психоэмоционалды күйіңізді, дағдыларыңызды көреді. Осыдан кейін ғана ерікті бола аласыз", - деді Вера Ким.Еске сала кетейік, Астанада Халықаралық еріктілер форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің 34 елінен 40 спикер қатысуда.Жалпы форумға 400-ден астам адам жиналды, олардың қатарында халықаралық ұйымдардың 140 өкілі және шетелдік қатысушылар бар.
https://sputnik.kz/20230621/toqaev--khalyqaralyq-volonterler-forumyna-qatysady-36187420.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36188985_41:0:1178:853_1920x0_80_0_0_26e6dd7b95a87ca24c06662e40938216.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еріктілер
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Қазақстан еріктілерін мемлекеттік сақтандыру қажет. Мұндай мәлімдемені ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда және еріктілердің көмегін қажет ететін көршілес елдерде ірі төтенше жағдайлар жиілеп кетті.
"Біз көршілес мемлекеттерге де көмек көрсетеміз. Осы орайда мемлекет тарапынан төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсететін еріктілерімізді қорғағымыз келеді. Осындай еріктілер үшін мемлекеттік сақтандыру қажет ", - деді ұлттық еріктілер желісінің төрайымы.
Кимнің айтуынша, еріктілер жай адамдар емес. Арнайы дайындықтан өткен адамдар болуы керек.
"Қазір біздің еріктілер төтенше жағдайлар министрлігімен бірге оқудан, тәжірибеден өтіп, емтихан тапсырып жатыр. Сертификат алғаннан кейін ғана олар мемлекеттік сақтандыруды ала алады", - деп толықтырды Қазақстан ұлттық еріктілер желісінің басшысы.
Кимнің айтуынша, Ресей мемлекетінде еріктілер туралы жеке заң қарастырылған.
"Мен 7-шақырылымның депутаты болдым, сол кезде біз бұл бастаманы ұсындық. Бірақ, өкінішке орай, қорғай алмадық. Өйткені барлық еріктілерді санау қиынға соқты, сондай-ақ нақты ақша сомасын кепілге қою керек болды. Мысалы, Ресей Федерациясында еріктілер туралы заңда жеке тармақ жоқ, бірақ оларда еріктілерді сақтандыру туралы заң бар. Менің ойымша, мұндай шешім Қазақстан үшін де оңтайлы болар еді", - деді ол.
Қазақстандық еріктілерге мемлекеттік сақтандыру керек екенін павлодарлық "VITA" ерікті-іздестіру жасағының еріктісі Венера Смағұлова да айтады.
"Иә, мемлекеттік сақтандыру керек. Біз жоғалған адамдарды суда, далада жиі іздейміз. Әрине, біз бір-бірден жүрмейміз, рациялар, телефондар бар, бірақ соған қарамастан өмірімізді қауіпке тігеміз", - деді Смағұлова.
Еріктінің айтуынша, күні-түні іздеген адамды кейде өлі күйде табасың.
"Бірде бізге бала жоғалып кетті деген хабар келді. Біз іздеуді бастадық, ол тірі шығар деп үміттендік. Сөйтсек Ваня есімді 12 жастағы бала достарымен шомылуға барып, суға батып кеткен. Балалар ата-аналарына айтудан қорқып, тек кешке ғана мойындаған. Біз екі күн бойы баланың денесін судан іздедік. Жоғалып кеткен адамды тірідей тапсақ төбеміз көкке жетеді", - дейді ерікті.
Ерікті болғысы келетін жандар бірнеше кезеңнен өту қажет.
"Олар сіздің әлеуетіңізді, жасыңызды, психоэмоционалды күйіңізді, дағдыларыңызды көреді. Осыдан кейін ғана ерікті бола аласыз", - деді Вера Ким.
Еске сала кетейік, Астанада Халықаралық еріктілер форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің 34 елінен 40 спикер қатысуда.
Жалпы форумға 400-ден астам адам жиналды, олардың қатарында халықаралық ұйымдардың 140 өкілі және шетелдік қатысушылар бар.