"Қазақстан барысы" турнирі бойынша тергеу басталды

© ИА "Новости-Казахстан", Баубек КоныровПояса чемпионов "Казахстан барысы"
Пояса чемпионов Казахстан барысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Алматы қаласында өткен "Қазақстан барысы" турнирі бойынша тергеу шаралары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу шараларына кірісті.
"Соның аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексерілуде. Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "Қазақстан Барысы" жобасы танымал журналист, "КТК" телеарнасының бас директоры болған Арман Шораевтың бастамасымен қолға алынды. Турнир облыстық деңгейде алғаш рет Қызылорда жерінде ұйымдастырылды. Ал республикалық деңгейде 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін өтті.
Жаңалықтар
0