https://sputnik.kz/20230621/mektep-bitiru-keshterin-baqylauga-7-mynnan-astam-politsiya-zhumyldyryldy-36187042.html
Мектеп бітіру кештерін бақылауға 7 мыңнан астам полиция жұмылдырылды
Мектеп бітіру кештерін бақылауға 7 мыңнан астам полиция жұмылдырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz. 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T09:47+0500
2023-06-21T09:47+0500
2023-06-21T09:47+0500
мектеп түлегі
полиция
https://sputnik.kz/img/593/03/5930313_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_da087453fdf49f77c57bb63932f41334.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz.Осы аптада елімізде "мектеп бітіру кештері" өтіп жатыр. Былтыр осындай іс-шаралардың аясында түлектердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркелген.Порталдың хабарлауынша, осындай жағдайдың алдын алу және іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді.Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік жасақтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылып, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/593/03/5930313_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_4481997901dd076c8e19c8293294d036.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп түлегі, полиция
Мектеп бітіру кештерін бақылауға 7 мыңнан астам полиция жұмылдырылды
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы аптада елімізде "мектеп бітіру кештері" өтіп жатыр. Былтыр осындай іс-шаралардың аясында түлектердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркелген.
Порталдың хабарлауынша, осындай жағдайдың алдын алу және іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді.
"Ата-аналардан және түлектерден қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүру қағидаларын сақтауды, шомылатын орындарда қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Ұстаздар, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен ата-аналар, бұл мереке сіздер үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма басшысы Әсет Оспанов.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік жасақтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылып, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.