Еуропа күрделі шешім қабылдады

© AP Photo / Frank AugsteinСотрудник поворачивает вентиль газопровода газохранилища
Сотрудник поворачивает вентиль газопровода газохранилища - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
Көгілдір отынның бағасы тағы да көтерілді – мың текше метр газ бағасы 500 доллардан асты. Аптап ыстықтан энергия шығынының күрт өсуі себеп болып отыр, деп жазды РИА Новости.
Құрлықтағы ең үлкен Гронинген газ кен орны түбегейлі жабылатыны туралы ақпарат тарады. Жүздеген еуропалық кәсіпорын әлі жұмыс істемей тұр. Оған Ресейге қарсы санкциялардың да ықпалы бар. Еуропадағылар деиндустрияландыру туралы айта бастады.
Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Гронингендегі тау-кен өндірісі енді қалпына келтірілмейді. Нидерланды үкіметі осылай деп шешті.
Нарықта бірден реакция туындады: табиғи газдың бағасы 1000 текше метр үшін 560 долларға дейін көтерілді.
Кен орны төрт айдан кейін – 1 қазанға дейін жабылады. Аймаққа экологиялық залалы тым үлкен болып тұр. 2012 жылдан бері Гронинген маңында үш мыңнан астам үй бұзылды, себебі онда тұру қауіпті болды. Үкімет зардап шеккендерге 30 жыл ішінде 22 миллиард еуро өтемақы төлеуге уәде берді.
Гронинген кен орны 1963 жылдан бері игеріліп келеді. Бұл Батыс Еуропа үшін ең маңызды ресурс. Дегенмен өндіріс тұрақты түрде төмендеді. 2013 жылы ол 53,9 миллиард текше метрді құрады, дейді қаржы аналитигі Марк Гойхман. Ал Nederlandse Aardolie Maatschappii мәліметінше, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6,5 миллиард текше метрге жетті. Бұл ретте құрлықтағы жалпы газ тұтыну көлемі 480 миллиард текше метр.
15 маусымдағы көтерілуден кейін баға көресткіші төмендеді. Соңғы жылдары Гронингеннің қосқан үлесі аз болатын – екі проценттен аспайды. Әрине, бұл соншалық қиын жағдай емес. Сұйылтылған табиғи газ, үнемдеу және басқа да шаралар көмектеседі. Оның үстіне еуропалық қоймалар 78 процентке толы. Дегенмен нарықтық ахуал шиеленісіп тұр.
Ыстықтың кесірінен Ескі әлемдегі желдеткіштер толық қуатта жұмыс істеп, электр энергиясына деген сұраныс күрт өсті.
Сұйылтылған табиғи газ өндірісі бойынша кәсіпорындардағы жөндеу жұмыстарының маусымы мен Норвегияның солтүстігіндегі Hammerfest зауытындағы апаттың да әсері бар.
Ол аймақта шілде айының ортасына дейін экспортқа шектеу қойылған. Бұл белгісіздікті күшейтеді. Өйткені Норвегия ресейлік импорттың төмендеуінен кейін маңызды жеткізуші ретінде қалыптасты, деп хабарлайды Bloomberg.
Тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов айтқандай, бұл жағдай Еуропа үшін жақсылық әкелмейді.
"Гронинген Нидерландының ішкі тұтынуы үшін маңызды болды. Енді олар басқалары сияқты импортқа тәуелді. АҚШ, Катар, Нигерия, Әзербайжан және басқа елдерден сатып алуды ұлғайтуға тура келеді", - деп түсіндірді ол.
Хазановтың пікірінше, баға көрсеткіші қайта өсіп, Еуропадағы энергетикалық дағдарыстың жаңа кезеңін тудыруы мүмкін.
Ең алдымен нақты сектор зардап шегеді. Өткен жылы Еуроодақта ресурстардың қымбат болуына байланысты энергияны көп қажет ететін салалардағы кәсіпорындар жабылды. Атап айтқанда, Slovalco (алюминий), Budel (мырыш) және ANWIL (тыңайтқыштар), химия саласындағы алып Chimcomplex тоқтады.
Көбісі өз кәсіпорындарын АҚШ пен Қытайға көшіріп, ауқымды индустриалды көші-қон басталды.
Бұған Еуроодақтың жасыл экономика бойынша бағыты да ықпал етті. Энергия бағасының өсуі секілді экологиялық шектеулер де өндірісті азайтуға немесе оны шетелге көшіруге мәжбүр етеді. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында әлемдегі ең ірі химиялық концерн BASF Еуропадағы жұмыс көлемінің қысқарғанын хабарлады.
"Қоры триллион долларға бағаланған кен орнының жабылуы алдағы уақытта Солтүстік-Батыс Еуропаның, соның ішінде Германиядағы Рур бассейнінің өнеркәсібіне кері әсерін тигізеді. Бенилюкс елдері, Германия және Польша көбірек зардап шегеді. Норвегиядан, Катардан және АҚШ-тан жоғары бағамен импорттау арқылы газ тапшылығының орнын толтыру қажет болады", - дейді Capital Lab серіктесі Евгений Шатов.
Нәтижесінде еуропалық саясаткерлер күзде айта бастаған деиндустрияландыру қарқын алады.
"Жер асты қоймалары толып тұр, бірақ қорлар таусылады. Бұдан шығудың екі жолы бар: не Ресеймен газ саласында қалыпты ынтымақтастықты қалпына келтіру, не табиғи газдың ірі тұтынушылары саналатын барлық жаңа кәсіпорынды жабу", - дейді Хазанов.
Capital Lab өкілі еуропалықтар өздерінің жасыл экономика бағытындағы жоспарларына өздері шатастырып, тығырыққа тірелгенін айтады. Егер энергетикалық дағдарыс ушығып кетсе, Голландия билігі ұстанымын өзгертіп, Гронингенді игеруге қайта оралуы мүмкін. Бірақ ол үшін біріншіден, инфрақұрылымды жаңартуға үлкен инвестиция қажет болады. Екіншіден, бұл сценарий Еуроодақтың көміртекті отыннан бас тарту ұстанымына қайшы келеді.
Жаңалықтар
0