https://sputnik.kz/20230621/dini-daristerdi-taratqan-aqtobe-oblysynyn-turgyny-zhauapqa-tartyldy-36180169.html
Діни дәрістерді таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны жауапқа тартылды
Діни дәрістерді таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желіде тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69... 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T07:00+0500
2023-06-21T07:00+0500
2023-06-21T07:00+0500
ақтөбе облысы
дін
айыппұл
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_0:181:2997:1866_1920x0_80_0_0_6a0896969554e799f996ade07d1a029c.jpg
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желіде тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы тыйым салынған фото, бейне және аудио материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мәселен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Ақтөбе облысы теміржол ұйымының қызметкерінен дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған аудиоматериалдар табылды. Көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотына жолдады. Сот шешімімен 29 жастағы ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_132:0:2863:2048_1920x0_80_0_0_93640187f4d7e10d34ef84489340d0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, дін, айыппұл
ақтөбе облысы, дін, айыппұл
Діни дәрістерді таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны жауапқа тартылды
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желіде тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы тыйым салынған фото, бейне және аудио материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді.
Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мәселен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Ақтөбе облысы теміржол ұйымының қызметкерінен дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған аудиоматериалдар табылды.
Көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотына жолдады. Сот шешімімен 29 жастағы ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.