https://sputnik.kz/20230621/deputat-balalar-lagerlerinin-atauyn-ozgertudi-usyndy-36220461.html
Депутат балалар лагерьлерінің атауын өзгертуді ұсынды
Депутат балалар лагерьлерінің атауын өзгертуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балалар лагерін жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik... 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T15:37+0500
2023-06-21T15:37+0500
2023-06-21T15:37+0500
депутаттық сауал
https://sputnik.kz/img/300/36/3003661_0:240:4608:2832_1920x0_80_0_0_b243cf800fe091eb0428071393cdd4a7.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балалар лагерін жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат кеңестік идеологиямен санамызға сіңген лагерь сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыратын уақыт жетті деп санайды."Лагерь сөзінің шығу тарихы мен тарихтағы лагерьлердің толқыны тек жаман сипатта екенін білеміз. Аты қорқынышты Карлаг, Алжир лагерлерінің пайда болу тарихы баршаға мәлім. Сондықтан ұлттық сана-сезімді жаңғыртуда лагерь атауын алмастырудың мәні зор деп білемін. Лагерь емес, балалардың жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны дегеніміз жөн", - деген ұсыныс тастады Мұқаев премьер-министр мен оқу-ағарту министріне жолдаған депутаттық сауалында.Сондай-ақ ол лагерьлер арасында нақты белгіленген баға саясаты да жоқ екенін атап өтті.Айтуынша, лагерьлерде маман тапшылығы да қатты сезіліп отыр. Лагерьлердің басым көпшілігіне балаларды қарауға уақытша жұмыс ретінде студенттер тартылып жатады."Өз білімін толық жетілдірмеген студенттер мектеп оқушыларын қалай тәрбиелейді? Сондықтан лагерьде жұмыс істейтін мамандарға арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып, мамандандырылған ұстаздар тартылуы керек", - деп есептейді мәжілісмен.Бұдан бөлек, Мұқаев лагерь ұйымдастырушылары міндетті түрде мемлекеттік мекеме тарапынан лагерь мазмұны мен материалдық-техникалық базаларына сәйкес тексеруден өтіп, лицензиялануы керек екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/300/36/3003661_256:0:4352:3072_1920x0_80_0_0_509543c08e32a0bff8ca1cbc92ccb37f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттық сауал
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балалар лагерін жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны деп атауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат кеңестік идеологиямен санамызға сіңген лагерь сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыратын уақыт жетті деп санайды.
"Лагерь сөзінің шығу тарихы мен тарихтағы лагерьлердің толқыны тек жаман сипатта екенін білеміз. Аты қорқынышты Карлаг, Алжир лагерлерінің пайда болу тарихы баршаға мәлім. Сондықтан ұлттық сана-сезімді жаңғыртуда лагерь атауын алмастырудың мәні зор деп білемін. Лагерь емес, балалардың жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны дегеніміз жөн", - деген ұсыныс тастады Мұқаев премьер-министр мен оқу-ағарту министріне жолдаған депутаттық сауалында.
Сондай-ақ ол лагерьлер арасында нақты белгіленген баға саясаты да жоқ екенін атап өтті.
"Әр ата-ана баласының жақсы сауықтыру орталықтарына барғанын қалайды. Әйтсе де көп ата-ананың қалтасына ауыр келетінін ескерсек, бағаға сай сапа болуы керек. Мұны тек мемлекеттік емес, жеке меншік лагерьлерден де талап етілуі керек", - деді депутат.
Айтуынша, лагерьлерде маман тапшылығы да қатты сезіліп отыр. Лагерьлердің басым көпшілігіне балаларды қарауға уақытша жұмыс ретінде студенттер тартылып жатады.
"Өз білімін толық жетілдірмеген студенттер мектеп оқушыларын қалай тәрбиелейді? Сондықтан лагерьде жұмыс істейтін мамандарға арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып, мамандандырылған ұстаздар тартылуы керек", - деп есептейді мәжілісмен.
Бұдан бөлек, Мұқаев лагерь ұйымдастырушылары міндетті түрде мемлекеттік мекеме тарапынан лагерь мазмұны мен материалдық-техникалық базаларына сәйкес тексеруден өтіп, лицензиялануы керек екенін айтты.