Үш мыңнан астам қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

© PhotoГлава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда
Глава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Бес ай ішінде үш мыңнан астам азамат Конституциялық сотқа жүгінген. Өтініштердің жартысына жуығы сот шешімімен келіспеуге қатысты. Бұл туралы Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әзімова Конституциялық соттың "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жолдауын таныстырды.
"Бес ай ішінде үш мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді. Бұл цифр азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығы емес, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралын қолдану туралы талап жоқ", - дейді Әзімова.
Айтуынша, келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы (шамамен 41%) сот шешімдерімен келіспеуге қатысты. Бұл ретте Конституциялық сот сот шешімдеріне баға беруге құқылы емес.
Азаматтардан келіп түскен өтініштердің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және тағы басқаларға қатысты.
Өтініштердің төрттен бірінде ғана (26%) азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұраған.
"Өңірлер арасында ең көп өтініш Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын ұсынуға міндетті. Сонымен қатар, қоғамның жаңадан құрылған конституциялық бақылау органының жұмысына қызығушылығын ескере отырып, осы жылды ескерусіз қалдырмай, назарларыңызға қызмет басталғаннан бергі алғашқы бес айға жолдауды ұсыну туралы шешім қабылданды", - деді Конституциялық сот төрағасы.
Айтуынша, азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне отырып, әділдік пен заңдылықты орнатуға жәрдемдеседі.
Жаңалықтар
0