АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды, деп... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Штанмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген."Ақорда" резиденциясында Германия президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін Қазақстан мен Германияның әнұрандары орындалды. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамдағы кездесуге өтті.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.Сонымен қатар Германияның Федералды президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді.Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады. Ол Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Штанмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген.
"Ақорда" резиденциясында Германия президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін Қазақстан мен Германияның әнұрандары орындалды. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Германияның Федералды президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.
Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады. Ол Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.