Шығыс Қазақстанда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланмен бірлесіп, өңірде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Қатонқарағай ауданының аумағында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Аталған дерек бойынша 8 адам ұсталып, оның 4-уі қамауға алынды.
Сонымен қатар Өскемен қаласында жанжалдасып қалған жергілікті тұрғындар мен шеттен келгендер ұсталды. Нәтижесінде 20 адам полицияға жеткізілді, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 2 Макаров тапаншасы, 2 травматикалық тапанша, 1 мылтық, 1 тегіс ұңғылы мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және 23 түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Сондай-ақ 3 бірлік автокөлік тәркіленді.
Қылмыстық жанжалдың себебі және осы істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Өңірлер
Жетісуда кәсіпкерден ақша бопсалағандар ұсталды
Жаңалықтар
0