Қазақстан неміс экономикасын энергиямен және шикізатпен қамтамасыз ете алады – Тоқаев

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық 10 млрд долларды құраған
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германия экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жолдарын талқылағанын атап өтті.
"Қазақстан – Гермнияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі. Гермнияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 млрд доллар болды. Қазақстан Германияның басты елу экономикалық серіктесінің қатарына кіреді. Сондай ақ осы елді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі төрт мемлекеттің бірі саналады. Біз экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам бастық", - деді Тоқаев Германия президентімен өткен келіссөздерден кейін.
Қазақстан президенті өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту үшін Штанмайерге екі елдің мүдесіне сай келетін бірқатар нақты ұсыныс айтқанын жеткізді.
"Мемлекеттеріміздің экономикасы көп жағдайда бір-бірін толықтырады. Технологияларды шикізатқа алмастыру формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін нәтижелі болмақ. Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі күндегі геосаяси және геоэкономкалық кезеңде аса маңызды. Неміс тарапының өтініші бойынша Шведт қаласында мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту – соның нақты мысалы", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0