Қазақстан мен Германия қандай құжаттарға қол қойды
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Германияның Федералды президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;2.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;3.
Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;4.
ҚР Жамбыл облысы әкімдігі мен "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;5.
Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;6.
"Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "Rhenus SE & Co.KG" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;7.
"DВ Engineering & Consulting GmbH" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;8.
"Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;9.
Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.